БҮГІН СЕЙІЛДА ИКРАМҰЛЫ БАЙШАҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

 Похожее изображение

"Тараз" футбол клубының ұжымы Қазақстан футбол федерациясының құрметті президенті, аты аңызға айналған футболшы Сейілда Икрамұлы Байшақовты туған күнімен шын жүректен құттықтайды. Атақты жерлесіміз əрі мақтанышымыз Сейілда Байшақов 1950 жылдың 28 тамызы күні Тараз қаласында туған. Құрметті Сейілда Икрамұлы сіздің Қазақ футболының дамуы мен өсіп - өркендеуіне қосқан үлесіңіз өлшеусіз. 1970 жылдан басталған футболдағы ұзақ еңбегіңіздің арқасында Жамбыл футболын алға сүйредіңіз. "Қайрат" футбол клубына сіңірген еңбегіңіз өз алдына бір төбе. Ендеше, біз сіздің Жамбылдық жерлестеріңіз ретінде бүгінгі туған күніңізбен құттықтай отырып, сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілейміз.