БҮГІН «АҚТӨБЕ» ФК ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА ОЙЫН АЛДЫНДАҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

БҮГІН «АҚТӨБЕ» ФК ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА ОЙЫН АЛДЫНДАҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Тараз қаласына келген «Ақтөбе» футбол командасының ойыншылары матчқа бір күн уақыт қалған кезде ойын алдындағы жаттығу жұмыстарын жүргізді. Биылғы маусымда «Ақтөбе» ФК – ның құрамында айтарлықтай өзгеріс орын алып отыр. Клубтың жаңа бас бапкері Юрий Уткульбаев қазір құрамаға жас ойыншыларды көп шақырған. «Ақтөбе» командасының былтырғы құрамында ойнаған ойыншылар ішінде биылғы маусымда тек 3-ақ футболшы қалып отыр. Ол қақпашы С. Павлов, жартылайқорғаушы Д. Жалмұқан мен шабуылшы А. Айымбетов. Сондай-ақ биылғы футбол маусымында «Ақтөбе» командасының сапына тәжірибелі ойыншылар Самат Смақов пен Егор Азовский шақыртылып отыр. Ертең өтетін жасыл алаңдағы доп додасында осы футболшылар «Ақтөбе» командасының намысын қорғайды.