Август 2017

31 Август 2017

ФОТОРЕПОРТАЖ. "ТАРАЗ М-21" - "АСТАНА М-21"

Читать далее






ФУТБОЛДАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

Футболдан ардагерлер арасындағы облыс біріншілігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы жарысқа да жеті аудан мен Тараз қаласының ардагерлер командасы қатысты. Олардың ішінде спорт саласында ұзақ жылдар еңбек еткен азаматтар бар. Жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат: салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортпен айналысушылар санын арттыру. Сонымен қатар, жастарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға шақыру. Бұл сында Тараз қаласы атынан «Дантист» командасы сынға түссе, аудандардан да іріктеліп келген командалар бақ сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Дантист» командасы, екінші орынды Шу, ал үшінші орынды Меркі ауданының командасы жеңіп алды. Жүлделі орын алған командалар мен үздік ойыншыларға бағалы силықтар ұсынылды.

Читать далее



ФОТОРЕПОРТАЖ. АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

Читать далее



29 Август 2017

ҚҰРМЕТТІ ҒАБИТ ЕРКІНБЕКҰЛЫ ТУҒАН КҮНІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Картинки по запросу казбеков габит

Бүгін "Тараз" футбол клубы директорының орынбасары Ғабит Қазыбековтың туған күні. Құрметті Ғабит Еркінбекұлы мерейлі 45 жасыңыз құтты болсын. Клубтың сізге артылған ауыр жұмысын аянбай арқалап келе жатқан азамат ретінде, біз сізді әлі де осы салада ерінбей еңбек етеді деп сенеміз. Ұжым қызметкерлері, cізге отбасы берекесін, өсіріп отырған ұл- қыздарыңыздың жақсылығы мен өмірдің бар байлығын тілейді.

 

Читать далее



28 Август 2017

БҮГІН СЕЙІЛДА ИКРАМҰЛЫ БАЙШАҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

 Похожее изображение

"Тараз" футбол клубының ұжымы Қазақстан футбол федерациясының құрметті президенті, аты аңызға айналған футболшы Сейілда Икрамұлы Байшақовты туған күнімен шын жүректен құттықтайды. Атақты жерлесіміз əрі мақтанышымыз Сейілда Байшақов 1950 жылдың 28 тамызы күні Тараз қаласында туған. Құрметті Сейілда Икрамұлы сіздің Қазақ футболының дамуы мен өсіп - өркендеуіне қосқан үлесіңіз өлшеусіз. 1970 жылдан басталған футболдағы ұзақ еңбегіңіздің арқасында Жамбыл футболын алға сүйредіңіз. "Қайрат" футбол клубына сіңірген еңбегіңіз өз алдына бір төбе. Ендеше, біз сіздің Жамбылдық жерлестеріңіз ретінде бүгінгі туған күніңізбен құттықтай отырып, сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілейміз.

 

Читать далее



"ТАРАЗ" - "ЕРТІС" 1:1

Футболдан Қазақстан премьер - лигасының 25 турында Павлодар қаласынан келген "Ертіс" командасын қабылдаған "Тараздықтар" 1:1 есебімен тең түсті. Бірінші таймда Тараздықтар тым белсенділік танытып, матчтың басында Бактияр Зайнутдинов есеп ашты. Бұл Тараздық жас ойыншының биылғы маусымдағы төртінші голы болатын. Екінші таймда да Тараздықтарда гол ұратын көптеген сəттер болды. Мане мен Байжанов тіпті жеке шығып мүлт кетті. Есесіне, екінші тайм бастала салып, "Ертіс" есепті теңестіріп кетті. Сонымен, қорытынды есеп 1:1. Екі команда осы ойында бір- бір ұпайды еншіледі.
Читать далее



27 Август 2017

ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ. В. ГРОЗНОГО

Читать далее



ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ. В. ТАЛГАЕВА

Читать далее



ИНТЕРВЬЮ. М.АМИРХАНОВА и И.ВОРОТНИКОВА

Читать далее