21 Март 2017

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 Фото Толегена Онгарова.

"Тараз" ФК басшылығы ұжым қызметкерлері мен олардың отбасын келіп жеткен Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды. Наурыз мерекесі жыл басы саналып, қазақ қоғамында ерекше орын алған. Күн мен түн теңесіп,  араздасқан ағайын бір - бірімен табысатын болған. Біз де осынау ұлы мерекеде сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Ендеше,  ұлыс оң, ақ мол болсын ағайын!

Читать далее