Июнь 2016

27 Июнь 2016

"ТАРАЗ - U21" - " ОҚЖЕТПЕС - U21" 0:0

 "ТАРАЗ - U21" - " ОҚЖЕТПЕС - U21" 0:0

Бүгін футболдан Тараздың қосалқы құрамы (дубль) Көкшетаудан келген "Оқжетпес - U21" командасын өз алаңында қабылдап, қос тарап 0:0 есебімен тең тарқасты. Тараз қаласындағы "Ұлан" стадионында өткен ойыннан кейін жерлестеріміз 15 - ұпай еншілесе, Оқжетпестіктерде 11 - ұпай бар. Тараздықтар келесі ойында сырт алаңда өткізетін болады. Жəне турнир кестесінде əзірге 5 - орында келеді.

Читать далее



25 Июнь 2016

Омари ТЕТРАДЗЕ «ТОБОЛ» ФК БАС БАПКЕРІ «ТАРАЗДЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕРІ МЫҚТЫ БОЛДЫ»

 Омари ТЕТРАДЗЕ «ТОБОЛ» ФК БАС БАПКЕРІ «ТАРАЗДЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕРІ МЫҚТЫ БОЛДЫ»

Мен біріншіден «Тараз» командасын бүгінгі жеңісімен құттықтағым келеді. Шын мәнісінде оларда бүгін жеңіске деген жігер басым болды. Қалай да жеңіске жету үшін команда барын салды. Ал, біздің команда үшін қақпаға бағытталатын тура соққылар жағы нашар болды. Ол неліктен олай болды, оны алда шешетін боламыз. Осылай бірінші таймда ойынды өзіміз уысымыздан шығарып алдық. Бірақ, бұл ойынға біз дайындалдық, ойыншыларыма ауыр ойын болатындығын да ескерткенмін. Екінші таймда ойында басымдық танытқанымызбен, сол баяғы соққыны қақпаға тура бағыттау жағында тағы қателестік. Футболдағы өзің соқпасаң саған соғады демекші, Тараздықтар екінші голды соғып кетті. Командаларыңызды тағы да осы жеңісімен құттықтаймын.

Читать далее



Юрий МАКСИМОВ «ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІ «БҰЛ ЖЕҢІС БІЗГЕ КҮШ БЕРЕДІ»

 Юрий МАКСИМОВ «ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІ «БҰЛ ЖЕҢІС БІЗГЕ КҮШ БЕРЕДІ»

Біз қарсыластарға гол ұруға мүмкіндік бермедік. Негізгі мақсат та сол болатын. Сөйтіп, бірінші таймда өзіміз гол соқтық. Және сол есепті соңына дейін ұстап тұра алдық. Екінші таймда алаңға жас ойыншыларды шығардым. Нәтиже жаман емес сияқты. Бұл жеңіс бізге күш береді. Енді команда бойында сенім бар. Алға жылжуымыз керек. Егер премьер- лиганың бел ортасында жүрсек, қорықпай ойнай беруге болатын еді. Бізге қазір еш қателеспей, тек алдыға ұмтылу керек. Сонда ғана белгілі бір нәтижеге жете аламыз.

Бізге әлі де шабуылшы керек сияқты, шабуылшы жетіспейді.

Енді сіздердің өздеріңізге де шабуылшы жетіспейтіндігі білініп тұрса, мен үшін ол бірінші орындағы нәрсе емес пе? Ия, қазір тағы да бірқатар шабуылшыны команда сапына алуды ойластыратын шығармыз. Қазір оларды қарап жатырмыз

Читать далее



КӨПТЕН КҮТКЕН ЖЕҢІС «ТАРАЗ ТОБОЛДЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ»

КӨПТЕН КҮТКЕН ЖЕҢІС «ТАРАЗ ТОБОЛДЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ»

Бүгін футболдан Қазақстан премьер – лигасының XYIII – тур ойындары өтті. Бұл сында Жамбылдық «Тараз» командасы өз алаңында Қостанайлық «Тобол» командасын қабылдаған еді. Ойын Тараз қаласындағы орталық стадиондағы 4500- жанкүйердің алдында өтті. Қатарынан бірнеше жеңілістің дәмін татқан Тараздықтар үшін бұл ойында тек жеңіске жету мақсат болатын. Сондықтан да команда барын салды. Жігіттер жанын беріп ойнады, нәтижесі жаман емес. Сол қолдап келген Жамбылдық жанкүйерлердің сенімін ақтап, жерлестеріміз Тоболды 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл біздің команданың көптен күткен жеңісі болатын.

 

Енді жасыл алаңдағы ойын жағдайына келсек. Тараздағы 30- градустық ыстық ауа-райына қарамастан футболшылар матчты ширақ бастады. Бірінші таймның басында Тоболдықтар бірқатар соққылар жасап, алаң қожайындарының қақпасын сынап көрді. Бұндай сәттер Тараздықтар үшін де болды. Әсіресе, команда құрамына жаңадан алынған Андрей Яковлевтің ерекше финт жасап допты әріптестеріне бере білуі көпшілікті қызықтыра түскен. Реті келгенде Тараздың үздік шабуылшысы Малик Мане де «Тобол» қақпасына бірлі –екілі соққыларын бағыттады. Күні кеше құрамға алынған Александр Алиев те командасына жақсы көмектесе білді. Осындай қақпа қасындағы ұрымтал сәттің бірін жерлестеріміз тиімді пайдаланып кетті. Жоғарыда айтқан Андрей Яковлевтің әдемі пасын, «Тараз» командасының су жаңа ойыншысы Дәуренбек Тәжімбетов тамаша голға айналдырды. Бұл матчтың 29- минуты еді. Есеп 1:0. Алғашқы тайм осындай нәтижемен аяқталды.

Екінші таймның басында «Тобол» командасының сапында екі ойыншы алмасты. Атап айтқанда, Нұрбол Жұмасқалиев сынды футболшылар ауыстырылды. «Тараз» сапында алаңға жас ойыншылар Абзал Таубай мен Әлішер Сүлейдің шығуы жерлестерімізге тың серпін бергендей. Тағы бір айта кетерлігі біздің команда сапында осы матчта негізгі құрамда алты бірдей жаңа ойыншының шығуы. Олардың қатарында қорғаушылар Давронжон Эргашов пен Александр Киров бар. Бұл футболшылар алғашы ойынның өзінде өздерін жақсы қырынан таныта білді. Дегенмен, «Тараз» командасын Малик Манесіз қалай елестетесіз. Жасыл алаңда жасындай жарқылдаған жұлдызды ойыншымыз Тараз сапындағы 6-шы голын осы Тоболдың қақпасына дәл енгізді. Шамамен, 25- метрдей жерден қақпа бұрышын дәл көздеген Маненің голына Жамбылдық жанкүйерлер ерекше ықылас білдірді. Бұл ұзақ уақыт есте қалатын сәттердің бірі болды. Матчтың 89- минутында екінші голды соққан Тараздықтар үшін үшінші голды ұруға да мүмкіндік туған, бірақ Дәуренбек Тәжімбетовтың бағыттаған добы қақпадан сәл қиыс кетті. Осылай, Тараздықтар өз алаңында көптен күткен жеңіс тойын тойлады. Жеңісті күндеріміз көп болғай ағайын!

Читать далее



23 Июнь 2016

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА БІРІНШІЛІГІНІҢ 1/8 - ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛҒАН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

 ФУТБОЛДАН ЕУРОПА БІРІНШІЛІГІНІҢ 1/8 - ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛҒАН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ



25 - маусым
Швейцария - Польша
Уэльс - Солт. Ирландия
Хорватия - Португалия

26 - маусым
Франция - Ирландия
Германия - Словакия
Венгрия - Бельгия

27 - маусым
Италия - Испания
Англия - Исландия

Читать далее



"ТАРАЗ" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ САПЫ ҚОС ОЙЫНШЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

 "ТАРАЗ" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ САПЫ ҚОС ОЙЫНШЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Давронжон ЭРГАШОВ. Тәжік қорғаушысы. Өз елінде Душанбенің "Истиклол" клубында ойнаған. Оған Қазақстан премьер - лигасы да бөтен емес. Кезінде "Жетісу" командасының сапына алынып, өзін тас қамал қорғаушы ретінде көрсете білген. Тіпті, қорғаушы бола тұра гол да соққан.
Дəуренбек ТƏЖІМБЕТОВ.
Қазақстан жанкүйерлеріне таныс есім. Оның жұлдызды сəті "Ордабасы" командасының сапында жанды. Онда ол 134 - ойын өткізіп, 32 - гол соққан. Футболшы əр жылдары Астана, Шахтер, Қайсар командаларының да жедесін киген.

Читать далее



22 Июнь 2016

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАРАЗ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАРАЗ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев "Тараз" футбол командасының өкілдерімен кездесті. Жиынға, клуб президенті Махамбет Дүйсембаев және команданың бапкерлер құрамы мен негізгі ойыншылары қатысты. Кездесуде сөз алған облыс басшысы бірден, мен қазіргі жағдайды жақсы білемін, сіздердің ойындарыңыздың барлығын көріп, бақылап отырмын. Сондықтан да бүгін кеткен кемшілікті айтуға емес, әрі қарай не жұмыс істейміз, команданы тығырықтан шығарудың жолын қарастыру үшін келдім деді. Турнир кестесіндегі соңғы орында келе жатқан Тараз үшін әлі де мүмкіндік баршылық. Сондықтан да келесі ойындарда тек алға ұмтылу керек. Басқосуда сөз алған команданың бас бапкері Юрий Максимов қалыптасқан жағдай жөнінде баяндай келіп, жаңа ойыншылардың алынуымен күшейе түсеміз дегенді алға тартты. Ал, клуб басшылығы болса футболшылар үшін қазіргі таңда барлық жағдай жасалып отырғандығын, тек ойнау керектігін жеткізді. Облыс әкімі кездесу барысында шабуылшы Малик Маненің ойынына оң бағасын беріп, тек өткен ойындағы айып добын соға алмағаның өкінішті болды деді. Бауыржан Байтанаға да дұрыс ойнау керектігін тапсырды. Өйткені, біздің команда негізінен жас ойыншылардан тұрады, олар әлі шеберлік жинайды деді Кәрім Көкірекбаев. Оның үстіне Тараздың бірқатар үздік ойыншылары көп матчты жарақатына байланысты жіберіп алды. Жиын соңында Кәрім Нәсбекұлына құрамға жаңадан алынған бірқатар футболшылар жеке таныстырылды. Облыс әкімі "Тараз" футбол командасының бас бапкеріне жаңа ойыншылар алуға да мүмкіндік беретіндігін, алдағы уақытта құрамды күшейту керектігін тапсырды.

Читать далее



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ "ТАРАЗ" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ "ТАРАЗ" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

 

Команданың толығуымен енді жақсы ойын жағдайы қалыптасуы керек. Тағы бір шабуылшы алсақ, біз күшейе түсеміз. Тағы да айтамын барлығыңызға өтініш. Маған команданың осылай болуы ауыр. Жамбыл облысында 1- миллион 100 - мың адам тұрады. Футболды олардың басым көпшілігі көреді. Әрине қазір Еуропа біріншілігі өтуде, елдің бәрінің назары соған ауады. Бірақ, біз өз футболымызға жанымыз ашиды, Тараз футбол командасына жанкүйерміз. Қысқасы, жігіттер мен сендерге сенемін. Және алдағы уақытта бәрі жөнделеді деп ойлаймын. Әлі де мүмкіндік жоқ емес. Мына тұрған бапкерлер бар, команда капитанына менің сәлемімді жеткізіңіздер. Сіздердің көңіл күйлеріңізді де түсініп отырмын. Әр ойыннан кейін жеңілісті қабылдау қиын. Бұл бармашыз үшін ауыр. Дәл қазіргі жағдайда, түрлі әңгіме айтылуы мүмкін, санқилы пікірлер болады. Жазылып та жатыр. Бірақ, сіздер оған мән бермеңіздер. Тек, ойнаңыздар. Премьер-лигада қалуымыз керек.

Читать далее



21 Июнь 2016

"ТАРАЗ" ФК ҰЖЫМЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

"ТАРАЗ" ФК ҰЖЫМЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

"Тараз" футбол клубының ұжымы Қазақстандық 4 - футбол команданы: атап айтқанда "Астана" командасын чемпиондар лигасында, "Ордабасы", "Қайрат" жəне "Ақтөбе" командаларын Еуропа лигасына жолдама алуларымен шын жүректен құттықтайды. Ел намысын кəрі құрлық төрінде қорғайтын бұл футбол ұжымдары біздің тарапымыздан үлкен қолдауға ие екендігін айтқымыз келеді. Ендеше, жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз!

Читать далее



20 Июнь 2016

"КАЙРАТ - U21" - "ТАРАЗ - U21" 2:1

"КАЙРАТ - U21" - "ТАРАЗ - U21" 2:1

Бүгін футболдан Тараздың қосалқы құрамы "Тараз - U21"  командасы Алматылық "Қайрат - U21" командасымен кездесті. Ойын Алматы қаласында өтті. Нəтижесінде Қайраттық қосалқы құрам 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта соғылған голдардың авторлары. 20 - минут Бектас, 59 - минут Кривенцев, 93 - минут Оразов.

Читать далее