Май 2016

31 Май 2016

«ТАРАЗ - U21» - «ОРДАБАСЫ – U21» 0:0

«ТАРАЗ - U21» - «ОРДАБАСЫ – U21» 0:0

  

Футболдан еліміздің екінші лигасы аясындағы ойындардың кезекті туры мәресіне жетті. Бұл сында Жамбылдық «Тараз – U21» командасы көрші Шымкенттен келген «Ордабасы – U21» командасын өз алаңында қабылдаған еді. Өздеріңізге белгілі оңтүстік өңіріндегі осы футбол ұжымдарының ойындары қашан да тартысты бәсекеге толы. Бүгінгі ойын да осындай жағдайда өрбіді, бірақ екі команда да бір-біріне жеңіс голын соға алмады. Матчтың бірінші таймында Жамбылдықтар айқын басымдыққа ие болып, қарсыластар қақпасына бірнеше мәрте соққы бағыттап үлгерді. Екінші таймда да жерлестеріміз жүрген жүрісінен жаңылған жоқ. Сәті келгенде Ордабасылықтар біздің айып алаңға өтіп, гол ұруға талпынған. Бірақ, олардың бірді –екілі соққылары нәтижесіз аяқталды. Осы ойыннан кейін 11- ұпай жинаған Тараздық Сергей Пактың шәкірттері турнир кестесінде 3-орында қалды. Ал, Ордабасылықтарда небары 7-ұпай. Егер осы матчты жеңіспен аяқтаған жағдайда жерлестеріміз 2-орынға шығар еді, дегенмен жеңісті күндер әлі алда дейді футбол мамандары.

Читать далее



29 Май 2016

"ТАРАЗ" ЖƏНЕ "ОҚЖЕТПЕС" КОМАНДАЛАРЫ ТЕҢ ОЙЫН КӨРСЕТТІ

 "ТАРАЗ" ЖƏНЕ "ОҚЖЕТПЕС" КОМАНДАЛАРЫ ТЕҢ ОЙЫН КӨРСЕТТІ

Футболдан Қазақстан премьер - лигасының кезекті тур ойындары аяқталды. Бұл сында Жамбылдық жерлестеріміз Көкшетаулық "Оқжетпес" командасымен кездесуге Астана қаласына барды. Матч "Астана - Арена" стадионында өтті. Бірінші таймда қос команда ойыншылары үшін мүмкіндік аз болған жоқ. Бірақ олардың қақпаға бағыттаған соққылары голға ұласа қоймады. Əсіресе ойынның 28 - минутында Көкшетаулықтар сапында Жасұлан Молдақараев пен Марат Хайруллин Тараз қақпасын қауіпті соққылармен қыспаққа алды. Алайда, тас қамал Тараз қорғаушысы Иоан Мера олардың жолын кесті. Екінші таймда қызықты өрбіді. Əлібек Бөлешовтың ұрымтал тұстарын қақпашы Александр Григоренко дер кезінде қолына қондырды. Жалпы, бүгінгі ойында Григоренконың ерлігін айтпай кетпеске болмас.Ол талай қауіпті соққының бетін қайтарды. Тараз сапында ойынға екінші таймда көптен бері көрінбей жүрген Олег Недошковский шығып жерлестерімізге тың серпін берді. Оның шығарған пастарын Əлішер Сүлей мен Малик Мане тиімді пайдаланып қарсыластар қақпасына бірнеше мəрте соққы бағыттаған. Оқжетпестіктер сапында да ойыншы алмасты. Алаңға шыққан Алхазов та командасын жеңіске жетелеуге тырысты. Ойынның 85 - минутында аласұрып ойнап, тəртіп бұзған Оқжетпестік ойыншы Данил Чертовты төреші алаңнан қуды. Осылай ойынның негізгі уақыты тең нəтижемен аяқталды. Тараз командасы осымен екінші мəрте сырт алаңда тең ойнады. Бұл жаңа бас бапкердің келуімен команда сапында алға жылжушылықтың бар екендігін көрсетеді.

Читать далее



26 Май 2016

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЕҢ КӨП ГОЛ СОҚҚАН СҰРМЕРГЕНДЕР ТІЗІМІ

 ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЕҢ КӨП ГОЛ СОҚҚАН СҰРМЕРГЕНДЕР ТІЗІМІ

7 - ГОЛ. Роман Муртазаев (Ертіс)
6 - ГОЛ. Жерар Гоу (Қайрат)
5 - ГОЛ. Савич (Жетісу) Самат Смақов (Ақтөбе)
4 - ГОЛ. Малик Мане (Тараз) Джордже Деспотович, Таңат Нөсербаев (Астана) Гогуа (Ертіс), Азат Нұрғалиев, Филипп Касалица (Ордабасы)
3 - ГОЛ. Юнузович (Ордабасы), Игорь Зенькович (Тараз), Әлібек Бөлешов, Марат Хайруллин, Молдакарев, Серджо Нганбе (Оқжетпес), Симоновский (Жетісу), Нұрбол Жұмасқалиев (Тобыл), Андрей Аршавин (Қайрат), Дидар Жалмұқан (Ақтөбе)

Читать далее



24 Май 2016

ЖУЫРДА «ОҚЖЕТПЕС» ЖӘНЕ «ТАРАЗ» ФК ОЙЫНЫ

ЖУЫРДА «ОҚЖЕТПЕС» ЖӘНЕ «ТАРАЗ» ФК ОЙЫНЫ

29 – МАМЫР. 2016 ЖЫЛ. ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР – ЛИГАСЫНЫҢ 13-ТУР ОЙЫНДАРЫ. ӨТЕТІН ОРНЫ: КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ.
МАТЧТЫҢ БАС ҚАЗЫСЫ: Акмалхан ХОЛМАТОВ (ҚЫЗЫЛОРДА)
ҚАПТАЛДАҒЫ АРБИТРЛЕР: Андрей ПОПОВ (ПАВЛОДАР), Самат ШӘРІПОВ (АТЫРАУ)
ОЙЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Болатбек ЖУАСБАЕВ (АСТАНА)

Читать далее



23 Май 2016

ЖАЗҒЫ ТРАНСФЕРЛІК ТЕРЕЗЕ АШЫЛАДЫ

ЖАЗҒЫ ТРАНСФЕРЛІК ТЕРЕЗЕ АШЫЛАДЫ



ҚФФ - сы маусым айының 8 - ші жұлдызынан, шілде айының 5 - не дейін жазғы трансферлік терезенің ашық болатындығын хабарлады. Бұл аралықта командалардың жаңа ойыншыларымен келісім - шарт жасауға немесе контрактіні бұзуларына мүмкіндігі бар. Ендеше, командалар сапындағы ауыс - түйістерді күтеміз!

Читать далее



"ТАРАЗ - U21" - "АҚТӨБЕ - U21" 1:0

"ТАРАЗ - U21" - "АҚТӨБЕ - U21" 1:0



Футболдан Қазақстанның екінші лигасы аясындағы ойындар мəресіне жетті. Бұл сында Жамбылдық қосалқы құрам (Дубль) Ақтөбеден келген командамен кездескен еді. Матч Тараз қаласындағы "Ұлан" стадионында өтті. Футболды көруге 500 - ден астам жанкүйерлер жиналды. Олар өз командасына қолдау көрсетті. Есеп алғашқы таймның 10 - минутында ашылды. Ақтөбеліктер қақпасына соғылған голдың авторы Қараман болатын. Одан ары қос команда ойыншыларында гол ұруға мүмкіндік болмады. Бірақ қақпа бағанасынан қайтып, қақпашы қайтарып жіберген ұрымтал сəттер көп болды. Жалпы, Жамбылдық жерлестеріміз осы қосалқы құрамдағы əр ойында осылай өз жанкүйерлерін қуантып келеді.

Читать далее



22 Май 2016

Юрий МАКСИМОВ: ЕҢ БАСТЫСЫ, ОЙЫНШЫЛАРЫМА РИЗАМЫН...

 Юрий МАКСИМОВ: ЕҢ БАСТЫСЫ, ОЙЫНШЫЛАРЫМА РИЗАМЫН...

Ақтөбені ұтып кетуге бізде мүмкіндік аз еді. Өйткені команда құрамы мықты ойыншылардан жасақталған. Бірақ, біз ештеңеге қарамай шабуылды жалғастыра бердік. Бірінші таймның соңғы екі минуты қарбалас болып кетті. Оның үстіне айып добы бар. Бірақ, ешнəрсе етпейді. Ойыншыларыма ризамын. Соңына дейін шыдады. Олардың көбі жас футболшылар. Бірақ үйретеміз, осы жағдайдан келесі ойында қалай шығу керектігін қарастырамыз. Бұл матчта ең бастысы, психологиялық тұрғыда біз үшін ұтылмасақ деген ой болды...

Читать далее



ТАРАЗДЫҚТАР СЫРТ АЛАҢДА АҚТӨБЕМЕН КЕЗДЕСІП, БІР ҰПАЙ ЕНШІЛЕП ҚАЙТТЫ. ЕСЕП 2:2

ТАРАЗДЫҚТАР СЫРТ АЛАҢДА АҚТӨБЕМЕН КЕЗДЕСІП, БІР ҰПАЙ ЕНШІЛЕП ҚАЙТТЫ. ЕСЕП 2:2

Ақтөбе қаласында өткен матч премьер - лиганың 12 - турының кезекті ойыны болатын. Ақтөбеліктер алаң қожайындары болғандықтан аймақтық басымдыққа, жанкүйерлердің ерекше қолдауымен ойынды бастаған. Бірінші таймда допқа иелік ету бойынша алға да шықты. Бірақ Тараздықтар бұндай басымдыққа қараған жоқ. Алғаш болып есеп ашты. Шамамен 25 - метрдей жерден шірене тепкен Виталий Евстигнеевтің əдемі голына көпшілік қол соқты. Бұл ойынның 38 - минуты болатын. Осылай қонақтар алға шықты. Алайда, матчтың 43 - минутында ойламаған жерден төреші Тараздықтар қақпасына айып добын белгілеп, алаң қожайындары есепті теңестіріп кетті. Пенальтиден гол соққан Самат Смақов еді. Естеріңізде болса, осы Самат Смақов осыған дейінгі Тараз және Ақтөбе командалары арасындағы ойында да пенальтидан есеп ашқан. Сол сценарий бүгін де қайталанды. Араға екі минут салып Ақтөбеліктердің тағы да жолы болып кетті. Допты тез арада алып өте білген Дидар Жалмұқан есепті 2:1 - ге жеткізіп, өз командасын уақытша алға шығарды. Алғашқы тайм осылай аяқталды. Екінші таймда Тараздықтар ойынды қолға алды. Əлішер Сүлей мен Малик Мане бастаған топ шабуылдау шебінде өздерін еркін ұстап, Ақтөбе қақпашысының беріктігін алма кезек сынап көрді. Осындай ұрымтал сəттің бірінде Малик Мане гол соғып есепті теңестіріп кетті. Үш қорғаушыны қатар алдап өтіп, өзі гол соққан Мане шын мәнісінде гол соғудың шебері екендігін тағы да дəлелдеді. Бұл Малик Маненің Тараз сапындағы төртінші голы болатын. Одан ары екінші таймның соңына дейін, тіпті төреші қосқан қосымша уақытта да командалар есепті өзгерте алмады. Сырт алаңда бір ұпайға қол жеткізген жерлестеріміз Ақтөбе секілді азулы командаға осылай төтеп берді. Команда ойынының ширақ болғандығын, шабуылды үдете түсіп, тактиканы өзгерткендігін мамандар жаңа бас бапкердің келуімен байланыстырып отыр.

Читать далее



20 Май 2016

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АҚТӨБЕ» ФК ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АҚТӨБЕ» ФК ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

21 - мамыр. Яғни, осы сенбіде Тараздықтар сырт алаңда Ақтөбе командасымен кездеседі. Ендеше, осы екі команда ойындарының статистикасын ұсынамыз:
Сәл әріректен бастасақ, «Тараз» футбол командасы алғаш рет 1968 жылы «Ақтөбеліктермен» бірінші кездесуін өткізген екен. Ол ойын сол кездегі Жамбыл қаласында өткен. Біздің «Энергетик» деп аталатын командамыз алғашқы кездесуде Ақтөбе командасынан 2-0 есебімен басым түскен. Сол кездегі екі голдың авторы атақты жерлесіміз Сейітжан Байшақов болды. Ал, тәуелсіздік алғалы бері өткізіп келе жатқан Қазақстан чемпионаттарында «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 39-рет кездесіп, оның 24-де Ақтөбеліктер жеңіске жетсе, 9-ойында Тараздықтар жеңіске жеткен. 6-ойын тең нәтижемен аяқталыпты. Осы уақытқа дейінгі «Тараз» және «Ақтөбе» командаларының кездесуінде Ақтөбеліктер 66-гол ұрса, Жамбылдықтар олардың қақпасына 52-гол соққан. Биылғы премьер-лига ойындарының екінші турында да бұл командалар Тараз қаласында кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Читать далее



19 Май 2016

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІНЕ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІНЕ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан құрама командасының Қытай командасымен өткізетін жолдастық кездесуіне байланысты жыл басында бекітілген премьер-лига ойындарының күнтізбесіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиналысында осындай шешім қабылданған.
Оның нәтижесінде енді XIV - тур ойындары 4-маусымнан 2-маусымға ауысты, ал, XV- тур ойындары 8-маусымнан 11-маусымға жылжытылды. XVI - тур ойындары да 12-ші маусымнан 15-маусымға шегерілсе, XVII - тур ойындары 18-маусымнан, 19-на ауысты.

Читать далее