25 Апрель 2016

"ТАРАЗ" ФК ҚАҚПАШЫСЫ АЛЕКСАНДР ГРИГОРЕНКО ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР -ЛИГАСЫНДА 200-ШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

 "ТАРАЗ" ФК ҚАҚПАШЫСЫ АЛЕКСАНДР ГРИГОРЕНКО ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР -ЛИГАСЫНДА 200-ШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

 

Өткен жетінші турдағы "Тараз" және "Атырау" командалары арасындағы ойында "Тараз" футбол командасының қақпашысы Александр Григоренко өзінің Қазақстан чемпионатындағы 200-ші ойынын өткізді. Естеріңізде болса, 31-жастағы қақпашы алғаш рет 2004 жылы Украйнаның екінші лигасынан Қазақстанның "Атырау" командасына ауысып келген еді. Содан бері ол Қазақстан премьер-лигасындағы 4-командада ойнады. Ал, "Тараз" сапында 29-кездесуге қатысты.12-жыл бойы отандық футболды өрге сүйреп жүрген қақпашыға алдағы ойындарда тек сәттілік тілейміз!

Читать далее



ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Бүгін Қазақ футболының күні. Осыған орай барша Қазақстандық, барша Жамбылдық футбол жанкүйерлерін, ойыншыларды, бапкерлер мен олардың отбасын, футбол саласының ардагерлерін айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Тараз футбол клубының ұжымы сіздерге мол табыс, мықты денсаулық тілейді. Сіздердің қолдауларыңыз арқасында Жамбыл футболы әлі -ақ өркендейді, өседі деп ойлаймыз. Ойын сайын сіздердің жасыл алаңға келіп, теледидар арқылы бізді тамашалап қолдау көрсетулеріңіз бізге жігер береді. Жеңіске жетелейді. Мереке құтты болсын ағайын!

Читать далее



ЖАСӨСПІРІМ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЫЗ ЕРЛЕДІ

 ЖАСӨСПІРІМ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЫЗ ЕРЛЕДІ

Таразда футбол орталықтары арасындағы ойындардың бірінші тур бәсекесі мәресіне жетті. 1998 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 17-22 сәуір күндері өткендігін естеріңізге саламыз. Турнирдің нетижесінде Сүйін Молдашбаевтан тәлім алатын Жамбылдық жас футболшылар бірінші орынды жеңіп алды. Бұл Жамбыл  футболының болашағы зор екендігін көрсетеді дейді мамандар. Екінші орынға "Жетісу", үшінші орынға "Қайсар" командасы тұрақтады. Төртінші орын "Шахтердің" еншісінде. Бұл біріншілік әлі де жалғасын табады, турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат елімізде жастар футболын дамыту, сол арқылы ертең үлкен матчтарда ойнайтын ойыншыларға сара жол салу.

Читать далее