24 Апрель 2016

Тараз-Атырау

Читать далее



ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Футболдан "Тараз" командасының қосалқы құрамы бүгін Қостанайдан келген "Тобыл" командасымен кездесіп 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ұлан стадионында өткен ойын дубльдің биылғы маусымдағы алғашқы ойыны болатын. Матч тартысты өтті деуге негіз бар. Өйткені қос команда да бір- біріне тамаша голдар сала білді. Алдымен ойынның 24- минутында жерлесіміз Əділет Əбдібеков есеп ашты. Əріптесінің айып добын тиімді пайдаланған ол əдемі голдың авторы атанды. Алайда, арада 7 - минут өткенде қонақтар есепті теңестіріп кетті. Тобыл сапында гол соққан Евгений Каптел болатын. Бірінші таймның 42- минутында тағы бір Тобылдық Дмитрий Папов есепті еселей түсті. Осылай алғашқы тайм қонақтардың пайдасына шешілді. Екінші таймда Тараздықтар ойынды өз қолына алды. 62- минутта жерлесіміз Қанат Қаримолла қонақтар қақпасына өзінің əдемі голын соғып теңестіріп кетті. Арада 3- минут өтісімен тағы бір Жамбылдық Əлібек Сатыбалды есепті 3:2 ге жеткізіп өз командасын жеңіске жетеледі.  Қосалқы ойында жеңіспен бастаған Тараздықтар келесі ойында енді сырт алаңда өткізеді.

Читать далее