23 Апрель 2016

VII ТУР ОЙЫНДАРЫНАН КЕЙІН ҚОС КОМАНДАНЫҢ БАС БАПКЕРЛЕРІ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ.

Нұрмат МЫРЗАБАЕВ «ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІ

Бірінші таймда бізде допты алып жүру де, гол соғатын сәттер де көп болғандығын көрдіңіздер. Команданың қазіргі қиын жағдайына қарамастан ойыншыларымыз жүз пайыз соңына дейін ойнады. Өйткені бізде қазір негізгі футболшыларымыздың біразы жарақат алып алаңға шыққан жоқ. Бүгінгі ойында тең нәтижемен ойнап, бір ұпай алғанымыздың өзі көңіл қуантады. Алаңға шыққан ойыншылардың жетпіс пайызы жас әрі жергілікті футболшылар. Олардың көбі дубльден келгендігін айта кету керек.

Читать далее



ЖЕТІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНАН КЕЙІН ҚОС КОМАНДАНЫҢ БАС БАПКЕРЛЕРІ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

 Владимир НИКИТЕНКО «АТЫРАУ» ФК БАС БАПКЕРІ

Жалпы, ойын тең дәрежеде өткенімен біздің команда үшін әсіресе шабуылда асқан қателіктер болды. Мен шәкірттерімнің бүгінгі ойынына көңілім толмады. Әйтпесе командамызда гол соғатын сәттер болды. Бірақ пайдалана алмадық. Ондай мүмкіндік Тараздықтарда да көп болды. Бірақ ойын жағдайы тең нәтижені көрсетті. Кейбір ойындар осындай қызықты болғанымен голдың салына қоймайтыны өкіншіті әрине. Енді алдағы ойында қазір жіберген қателіктермен жұмыс істейміз деп ойлаймын.

Читать далее



«ТАРАЗ» - «АТЫРАУ» 0:0

 «ТАРАЗ» - «АТЫРАУ» 0:0

Бігін футболдан Қазақстан премьер-лигасының жетінші тур ойындары аяқталды. Бұл сында Жамбылдық «Тараз» командасы өз алаңында «Атырау» командасын қабылдаған болатын. Еліміздің батыс өңірінен келген қонақтармен болған кездесу 0:0 есебімен тең нәтижемен аяқталды. Ойын жағдайына келсек, қос команданың да гол соғатын тамаша мүмкіндіктері болғандығын айтпай кетпеске болмас. Әсіресе бірінші таймда алаң қожайындары допқа барынша иелік етіп, қонақтар қақпасына бірнеше мәрте қауіпті соққылар жасаумен есте қалды. Бірақ дәлдіктің жетіспеуі мен қарсы команданың берік қорғанысы нәтижесінде бұл соққылардың ешқайсысы голға айнала қоймады. Екінші тайм да қызықты сәттермен басталды. Тараздықтар сапында, Мәлік Маненің де, Әлішер Сүлейдің де керемет мүмкіндігі мүлт кетіп жатты. Атырау сапындағы тәжірибелі ойыншы Ұлан Қонысбаевтың да нәтижелі пастары мен соққылары ешқандай нәтиже бере қоймады. Алайда, екінші таймның бел ортасында Жамбылдық жерлестеріміз бірнеше мәрте қауіпті соққылар жасады. Әсіресе, Марат Шахметовтың шірене тепкен добы қақпа бағанасына тиіп кері қайтты. Қысқасы, бұл ойында бір голдың соғылмағандығы болмаса, матч өте қызықты өтті. Ойынның негізгі уақытына төреші үш минут қосқанымен есеп ашылмады. Премьер – лига аясындағы келесі ойынды «Тараздықтар» 5-мамыр күні өз алаңында Қарағандылық «Шахтер» командасына қарсы өткізеді.

Читать далее