20 Апрель 2016

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АТЫРАУ» КОМАНДАЛАРЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

 «ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АТЫРАУ» КОМАНДАЛАРЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

«Тараз» және «Атырау» командалары ел футболы тарихында алғаш рет 1980 жылдың 15-маусымы күні, КСРО чемпионатының екінші лигасында кездескен. Ол ойын сол кездегі Гурьев (Атырау) қаласында өтті. Жамбылдың «Химик» командасы Атыраудың «Прикасписк» командасын сол кезде 1:0 есебімен жеңген болатын. Голдың авторы Владимир Яровенко. Осы турдың қарымта ойынында да Жамбылдықтар өз алаңында қонақтарды 6:0 есебімен тас талқан етіп ұтқан екен. Ал, 25-жыл бойы өткізіліп келе жатқан Қазақстан чемпионатында Тараз және Атырау командалары өзара 32- ойын өткізіп, оның 8-інде Жамбылдықтар, 16-сында Атыраулықтар жеңіске жеткен. Қос команда арасында өтетін ендігі кездесуде жерлестеріміз тоғызыншы мәрте жеңіске жететініне сенімдіміз.

Читать далее