18 Апрель 2016

Тараз-Жетысу 1:2

Читать далее



ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР - ЛИГАСЫНЫҢ АЛТЫНШЫ ТУР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР - ЛИГАСЫНЫҢ АЛТЫНШЫ ТУР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

"ОРДАБАСЫ" - "КАЙРАТ" 1:0
"ЖЕТІСУ" - "ТАРАЗ" 2:1
"АТЫРАУ" - "АҚЖАЙЫҚ" 2:0
"ШАХТЕР" - "ОҚЖЕТПЕС" 0:1
"АСТАНА" - "ТОБЫЛ" 1:0
"АҚТӨБЕ" - "ЕРТІС" 1:1

Читать далее



"ЖЕТІСУ" ЖƏНЕ "ТАРАЗ" ФК ОЙЫНДАРЫНАН КЕЙІН ҚОС КОМАНДАНЫҢ БАС БАПКЕРЛЕРІ БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

"ЖЕТІСУ" ЖƏНЕ "ТАРАЗ" ФК ОЙЫНДАРЫНАН КЕЙІН ҚОС КОМАНДАНЫҢ БАС БАПКЕРЛЕРІ БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

Нұрмат МЫРЗАБАЕВ: Негізі екі таймда екі түрлі ойын болды. Алғашқы тайм алаң иелерінің допқа иелік етуімен өткенімен екінші таймда жағдай теңесті. Мен үзіліс кезінде ойыншыларға жылдам ойнауды тапсырдым. Алайда екінші тайм басталысымен екі гол жіберіп алғанымыз өкінішті. Бірақ есеп айырмасын қысқартқанымызбен теңестіруге уақыт жетпеді. Оның үстіне ойыншыларымыз ұзақ жолдан шаршаңқы болды деп ойлаймын.

Алмас ҚҰЛШЫНБАЕВ: Біріншіден "Жетісулықтарды" алғашқы жеңісімен құттықтаймын! Енді ойын жағдайына келсек, бірінші таймда біздің команда айқын басымдық танытты. Тіпті, гол ұратын сəттер де көп болды. Алайда, біз мүмкіндікті екінші таймда пайдаландық. Тез арада шəкірттерімнің екі гол соғуы бізге жеңіс əкелді. Мен қуаныштымын, біздің шабуылшымыз Марко Симоновский бүгін гол ұрып көзге түскеніне. Ол енді- енді командаға үйреніп келеді.

Читать далее



"ЖЕТІСУ" - "ТАРАЗ" 2:1

"ЖЕТІСУ" - "ТАРАЗ" 2:1

Футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы тур ойындары аяқталды. Бұл сында Талдықорғандық "Жетісу" командасымен кездескен "Тараз" футболшылары алаң иелерінен 2:1 есебімен ұтылып қалды. Матч Талдықорған қаласында өтті. Енді ойын жағдайына келсек, бірінші таймда екі команда ойыншылары да қауіпті соққылар жасағанымен оның ешқайсысы голға айнала қоймады. Есесіне алаң иелерінің допқа иелік етуде басымдығы байқалды. Оларға жергілікті жанкүйерлер де ерекше қолдау білдіргенін айта кету керек. Екінші тайм басталысымен тартысты сəттерге толы болды. Алғаш болып допқа ұмтылған "Жетісулық" ойыншы Душан Савичтің соққысы нəтижелі болып, алаң иелері 47 минутта есеп ашты. Одан 13 минут өтісімен, яғни 60 минутта Талдықорғандық команданың шабуылшысы Марко Симановский есепті 2:0 ге жеткізді. Алайда, осы сəтте "Тараздықтар" тез қалпына келіп, 64 минутта Малик Мане осы маусымдағы алғашқы голын соғып есеп айырмасын қысқартты. Осы бір екінші таймның басындағы жиырма минут уақыт қызықты сəттермен есте қалды. Одан ары есепті теңестіруге Тараздық командаға нəтижелі ойын мен уақыт жетіспеді. Жерлестеріміз келесі ойынды осы сенбіде "Атырау" командасына қарсы өткізеді.

Читать далее