13 Апрель 2016

«ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІ НҰРМАТ МЫРЗАБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ ЖИЫНЫ

«ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІ НҰРМАТ МЫРЗАБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Ойын жағдайына келсек, шын мәнісінде біздің бүгін жолымыз бола қоймады. Әйтпесе, қандай тамаша сәттер болды. Өздеріңіз көрдіңіздер. Команданың дайындығы жақсы болатын, бұл ойын болғаннан кейін жағдай әп сәтте өзгеруі мүмкін. Біз соқпап едік, бізге ойламаған жерден гол салып кетті. Алаңға екінші таймда шыққан Виталий Евстигнеевтің ойыны да көңілімнен шықпады. Енді келесі тур ойындарына дайындалуымыз керек. Команданы қайта жасақтап, қалайда жеңіске жету үшін әрекет етуіміз керек. 

Читать далее



«АҚЖАЙЫҚ» ФК БАС БАПКЕРІ ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

«АҚЖАЙЫҚ» ФК БАС БАПКЕРІ ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Бірінші тайм біз үшін оңай болған жоқ. Ойыншыларымыз сылбырлық танытты. Сөзсіз, Тараздықтар алғашқы таймда ойынды өз иелігіне алды, бірақ арадағы үзілісте мен ойыншыларымызға қорғаныста, шабуыл шебінде ойын жағдайын өзгертуді тапсырдым. Нәтиже жаман болмады. Тараздықтар бізге гол соғуға мүмкіндік жасады. Біз негізгі деңгейі бір команда екенімізді айтқым келеді. Өткен төрт турда менің шәкірттерім үшін қиын ойындар көп болды. Төрт ойында команда қақпасына жеті гол жіберіп алдық, бүгін міне өз қақпамызға гол жібермей нөл есебімен кетіп барамыз. Және тиісті ұпайымызды алдық деп ойлаймын.

Читать далее



«ТАРАЗ» - «АҚЖАЙЫҚ» 0-1

 «ТАРАЗ» - «АҚЖАЙЫҚ» 0-1

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары аяқталды. Өз алаңында Оралдан келген «Ақжайық» командасын қабылдаған Жамбылдық жерлестеріміз қонақтарға 0-1 есебімен есе жіберді. Енді ойын жағдайына келсек, бірінші таймда сөз жоқ допқа Тараздықтар иелік етті. Тіпті, Әлішер Сүлей мен Игорь Зеньковичтің гол салатын тамаша мүмкіндіктері де болды. Бірақ біріне дәлдік жетіспеді, енді бірі тас қамал қорғаушылардан өте алмады. Ал, «Ақжайықтықтар» болса алғашқы таймда бірді – екілі шабуыл жасағанымен «Тараздықтар» бағыттаған соққыны қайтарумен болды. Ойынның екінші таймында қонақтар ойынды ширақ бастады. Оның үстіне алаңға шыққан Ақжайықтың жартылайқорғаушысы Эдуард Сергиенко да өз командасының жылдам ойнауына себепкер болды. Тартысты басталған ойында Тараздықтар да қарап қалмады. Тарас Данилюктің қақпаған бағыттаған соққысы голға айналар тамаша сәт болып еді, бірақ оны қонақтардың қорғаушысы дәл қақпа қасынан қайтара білді. Ойынға 62-минутта Бауыржан Байтана араласты. Оның да гол ұратын тамаша соққысы қақпа қасынан қайтып, сәл сәттілік жетіспеді. Дегенмен, футболда сен ұрмасаң, саған ұрады деген қағида бар. «Тараз» айып алаңында допқа талас кезінде мүмкіндікті мүлт жібермеген «Ақжайық» командасының ойыншысы Қуаныш Бегалин «Тараздықтар» қақпасына бір гол соқты. Бұл ойынның 81-ші минуты болатын. Матчтың қалған уақыттарында Жамбылдық команданың гол ұратын мүмкіндігі көп болды. Бірақ, ол мүмкіндік голға айналмады. Жерлестеріміз ендігі ойынын «Атырау» командасына қарсы өткізеді. Ол сәуір айының 23-күніне жоспарланған. 

Читать далее



ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЕКІНШІ МӘРТЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЕКІНШІ МӘРТЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Футзалдан Қазақстан және Польша командалары кездесіп, жерлестеріміз қонақтарды 7:0 есебімен ойсырата ұтты. Кездесу Алматы қаласында өтті. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы ел тарихында екінші рет футзалдан әлем біріншілігіне берілетін жолдаманы жеңіп алды. Енді, бұйырса алдағы күзде өтетін әлем чемпионатында жерлестеріміз әлемдегі ең үздік деген командалармен алаңға шығады. Балуан Шолақ спорт сарайында өткен ойынға жанкүйерлер де ерекше қолдау білдірді. Алғашқы таймды 5:0 есебімен аяқтаған жерлестеріміз, екінші таймда да ширақ қимылдап, қарымта гол соғуға ұмтылған Польша командасына еш мүмкіндік бермеді. Алдағы күзде болатын әлем біріншілігінде жерлестерімізге жеңіс тілейік!

Читать далее