10 Апрель 2016

"АСТАНА" ФК БАС БАПКЕРІ СТАНИМИР СТОЙЛОВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

"АСТАНА" ФК БАС БАПКЕРІ СТАНИМИР СТОЙЛОВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Бұл ойында бізге жеңіске жету маңызды болды. Өйткені біз өз алаңымызда ойнадық және матчтың басым бөлігінде допқа иелік еттік. Оның үстіне біздің ойыншыларда гол соғатын мүмкіндіктер көп болды. Оның бірін пайдалана алмадық, енді бірін қақпашы қайтарды. Екінші таймның басында ойыншыларым сәл сылбырлық танытып, қорғаныста бос ойнап еді қонақтар бізге гол соғып кетті. Енді келесі ойында осы кемшіліктермен жұмыс істейміз. Бүгін біздің командаға допты нақты қақпаға бағыттау жағы жетіспегендігі көзге көрініп тұр.

Читать далее



"ТАРАЗ" ФК БАС БАПКЕРІ НҰРМАТ МЫРЗАБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

"ТАРАЗ" ФК БАС БАПКЕРІ НҰРМАТ МЫРЗАБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Мен бүгінгі ойында "Астана" командасын жеңіске жетуімен құттықтағым келеді. Әрине алаң иелері үлкен аймақтық басымдыққа ие болды. Оның үстіне сіздердің команда сапында атақты ойыншылар да көп. Біз оны білдік және бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық. Және осындай командаға қарсы қалай ойнау керек екендігін меңгердік деп ойлаймын. Мен бүгін алаңға жас футболшыларды көптеп шығардым, өйткені болашақта солардың ойынын дамытуымыз керек. Ал ойыншыларға келсек, Недашковский мен Евстигнеев бұл матчқа қатысқан жоқ. Олар келесі ойында алаңға шығуы мүмкін.

Читать далее



"АСТАНА" - "ТАРАЗ" 2:1

 "АСТАНА" - "ТАРАЗ" 2:1

Кеше футболдан Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтті. Бұл сында Жамбылдық "Тараз" футбол командасы соңғы екі жылда ел чемпиондары болып келе жатқан "Астана" командасына қарсы ойнады. Матч "Астана-Арена" стадионында болды. Еліміздегі ең үздік команданың бірі саналатын Астаналықтар сапындағы жұлдызды ойыншыларға қарсы ойнау жерлестерімізге оңай болған жоқ. Бірінші таймда допты иелік ету бойынша Астаналықтар алға шығып, реті келгенде команда капитаны Нөсербаев бірінші голды соғып кетті. Бұл ойынның 20-шы минуты болатын. Осылай алғашқы тайм алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Екінші таймда Тараздықтар ширақ қимылдады. Ойынға шыға салып, ашылып ойнаған жерлестеріміз сырт алаңда да анау-мынау емес, ел чемпиондарына қарсы ойнай алатындықтарын көрсетті. Жергілікті маман Нұрмат Мырзабаевтан тәлім алатын жас футболшылар кезінде әлем футболының жұлдыздары доп тепкен "Астана - Арена" стадионында алаң иелерінің қақпасына қарымта гол соғуды да ұмыт қалдырған жоқ. Яғни, ойынның 49-минутында Малик Маненің пасын пайдаланған Игорь Зенькович тағы да көзге түсті. Есеп осылай 1-1 ге теңесті. Бірақ, осы есепті ойынның соңына дейін ұстап тұру мүмкін болмады. 82- минутта "Астана" ойыншысы Шомко "Тараздықтар" қақпасына екінші голды соғып, өз командасын алға шығарды. Жерлестеріміз енді келесі турда "Ақжайық" командасына қарсы ойнайды. Ол 13-сәуір күні Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді.

Читать далее