07 Апрель 2016

ЮРИЙ ЯРЫШЕВ ҚФФ ТӨРЕШІЛІК ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

ЮРИЙ ЯРЫШЕВ ҚФФ ТӨРЕШІЛІК ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Төрешілік саласында ұзақ жылдар тәжірибесі бар маман кезінде КСРО-ның, Қазақстанның көптеген ойындарына қазылық жасаған. 2000-жылдан бері Қазақстанның жоғарғы дивизиондағы ойындарына инспектор ретінде тағайындалып келді. Енді міне, Юрий Ярышев ел футболының нақты осы саласын қадағалайды. Ол 1951 жылы туылған. Жоғарғы дәрежедегі төреші атағы бар. Павлодар педогиогикалық институтын бітірген. Кезінде «Ертіс» командасын басқарып, осы облыстың футбол федерациясының вице-президенті қызметін абыроймен атқарған.

Читать далее