05 Апрель 2016

«АСТАНА» ЖӘНЕ «ТАРАЗ» ФК АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ

«АСТАНА» ЖӘНЕ «ТАРАЗ» ФК АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ

Футболдан Қазақстан премьер- лигасының 4-тур ойындары осы сенбі күні өтеді. Бұл сында жерлестеріміз өткен жылғы ел чемпионы «Астана» командасымен кездеседі. Сол матчқа қазылық жасайтын төрешілер құрамы анықталды. Яғни, онда бас төреші Оралдық Денис Тевяшов болады. Қапталдағы арбитрларге Андрей Попов (Павлодар) пен Дмитрий Будниченко (Екібастұз) бекітіліп отыр. Ойынның инспекторы: Павел Салий (Өскемен) Ел чемпионатының төртінші тур ойынындарына осы мамандар ат салысады. Матч Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионда өтеді.

Читать далее



ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АЛЕКСАНДР БОРОДЮК ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АЛЕКСАНДР БОРОДЮК ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

2016-жылғы Суперкубок иегері Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк қызметінен босатылды. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Белгілі бапкер өз өтініші бойынша жұмыстан шықты деп көрсетілген баспасөз мәлімдемеде. Естеріңізде болса, Александр Бородюк былтыр «Қайрат» клубымен 3-жылға келісім шарт жасасқан еді. Алайда, жыл басында ойынды сәтті бастап Қазақстан суперкубогын жеңіп алған команданың, пермьер-лига ойындарында жолы бола қоймады. Өткен үш турда Алматылық команда «Тараз» және «Ақжайық» командаларынан жеңіліс тауып, турнир кестесінде 9-шы орынға бірақ түскен болатын. Алайда, Александр Бородюктің командадан не үшін кеткендігі жөнінде толық айтылмай отыр.

Читать далее