03 Апрель 2016

«ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІ НҰРМАТ МИРЗАБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

«ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІ НҰРМАТ МИРЗАБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Тараз футбол командасының бас бапкері Нұрмат Мырзабаев та журналистермен жүздесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгін қиын ойынға тап болдық, «Оқжетпес» командасының сапында тәжірибелі ойыншылар жетерлік. Ал, біздің команда әлі де жас. Сондықтан да оларға бүгінгі ойын оңай соққан жоқ. Алғашқы таймда жақсы ойнағанымызбен, екінші таймда біздің ойыншылар сәл сылбырлық танытты. Дегенмен, ойыншыларымыз үшін бұл ойынның үлкен сынақ болғаны жасырын емес. Келесі турда осы кемшілікті түзетуге тырысамыз. Бұл ойын, ойын болғаннан кейін жеңіс те жеңіліс те болады. Команданың ұтылуының екінші бір себебі, үздік шабуылшымыз Игорь Зеньковичтің жарақат алып алаңға шыға алмауы. Олег Недашковсий де бұл ойынға қатыса алмады деп сөзін қорытындылады Нұрмат Мырзабаев.

Читать далее



«ОҚЖЕТПЕС» ФК БАС БАПКЕРІ ВЛАДИМИР МУХАНОВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

«ОҚЖЕТПЕС» ФК БАС БАПКЕРІ ВЛАДИМИР МУХАНОВТЫҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

«Оқжетпес» футбол командасының бас бапкері Владимир Мұханов ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатына қатысып, бүгінгі матч жайында өзінің ойын білдірді. Тараздықтармен әсіресе бірінші таймда бізге қиын болды. Бірақ тәжірибелі шабуылшымыз Әлібек Бөлешовтың орындауындағы айып добының арқасында есеп ашылды. Екінші таймдағы шәкірттерімнің ойынына көңілім толады. Біздің жартылайқорғаушыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Жалпы, бүгінгі команданың ойынына ризамын, облыс әкімі бізге осы маусымда жоқ дегенде үздік алтылыққа кіріңдер деген тапсырма берді. Осы талапты орындау мақсатында әлі де тер төгеміз деп сөзін аяқтады «Оқжетпестік» бас бапкер.

Читать далее



«ТАРАЗ» - «ОҚЖЕТПЕС» 1:3

«ТАРАЗ» - «ОҚЖЕТПЕС» 1:3

Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары өтті. Өз алаңында Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол командасын қабылдаған Жамбылдық «Тараз»  футбол командасы қарсыластарға 1-3 есебімен есе жіберді. Бүгінгі ойында Тараз қаласында керемет ауа-райы болды. Ойыншылар алаңға шығысымен жақсы ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе алғашқы таймның 20-шы минутынан бастап қос команда бір-біріне үздіксіз шабуылдар жасады. Қарсыластар жағынан Әлібек Бөлешов пен Жақып Қожамберді Тараздықтар қақпасын қыспаққа алса, біздің команданың ойыншылары Бауыржан Байтана мен Марат Шахметовте «Оқжетпестіктер» қақпасына жойқын соққылар бағыттады. Алайда, ойынның 25-минутында матчтың бас қазысы біздің командаға айып добын белгілеп, «Оқжетпес» командасының капитаны Әлібек Бөлешов есеп ашты. Бірінші таймның аяқталуына небары бір минут қалған кезде Тараздықтар есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Әлішер Сүлей шығарған пасты Бауыржан Байтана жақсы пайдаланып, Марат Шахметовке гол ұруға тамаша мүмкіндік жасады. Соңғысы мүмкіндікті мүлт жібермеді. Нәтижесінде есеп 1:1 болып бірінші тайм тең аяқталды. Ойынның екінші таймынының басында қос команда да қорғанысқа көңіл бөлді. Әсіресе өткен ойында жеңіліс тапқан «Оқжетпес» үшін жеңіс ауадай қажет еді. Сондықтан да конақтар барын салды. Осындай тартысты сәттің бірінде «Оқжетпестік» жартылайқорғаушы Антон Чичулин Тараздықтар қақпасына екінші голды ұрып есепті еселей түсті. Ал, матчтың 78-минутында Серж Нганбе Бандо тағы бір гол соғып өз командасын жеңіске жетеледі. Алайда, Тараздықтар да аянып қалмады. Есепті теңестіру үшін Байржан Байтана мен Әлішер Сүлейлер барын салды. Бірақ доптың бірі бағанаға тиіп, енді бірі қиыс кетіп жатты. Қысқасын айтқанда біздің командаға сәттілік жетіспеді. Оның үсітіне бұл ойында «Тараз» футбол командасы сапында тәжірибелі ойыншылар Игорь Зенькович пен Олег Недошковсийдің алаңға шықпағандығын айта кету керек. Жамбылдық жерлестеріміз келесі ойында сырт алаңда «Астана» командасына қарсы ойнайды. Ол сәуір айының 9-күніне жоспарланған.   

Читать далее