01 Апрель 2016

Құрметті Жамбылдық футбол жанкүйерлері!

Құрметті Жамбылдық футбол жанкүйерлері! Футболдан премьер-лиганың үшінші тур ойындарынан бастап Тараз қаласының орталық стадионында өтетін "Тараз" және "Оқжетпес" командалары арасындағы ойынды облыстық "Қазақстан-Тараз" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын уақыты 3-сәуір, 16:00. Ендеше, сүйікті командаларыңыздың ойынын көгілдір экран арқылы да тамашалаңыздар!

Читать далее



ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЖАПАР САУЫРҒАЛИЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЖАПАР САУЫРҒАЛИЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Сонымен, 5-күнге созылған футбол турнирі өз мәресіне жетті. Ойынға баға берген аға буын өкілдері жасөспірімдердің бұл турнирге аса дайындықпен келгендігін айтып отыр. Барлық команда да нағыз ойын үлгісін көрсетті. Балалар жас болғандығына қарамастан қызықты ойын болды деп еске алады жанкүйерлердің бірі. Турнирдің қорытындысы бойынша 2004 жылығы туылған балалар арасында бірінші орынды Жамбылдық «Монтажник» командасы жеңіп алса, екінші орын «Тараз-1» командасына бұйырды. Үшінші орынға «Астана» командасы жайғасты. Ал, 2005 жылы туылған балалар арасындағы ойында бірінші орынды «Тараз -2005» командасы жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды «Оқжетпес» пен «Шахтер» командалары еншіледі. Турнирдің марапаттау салтанатына қатысқан «Тараз» футбол клубының вице-президенті Ғабит Қазбеков пен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы Жұмахан Нұғыманов футболшыларға алдағы уақытта сәттілік тіледі. Тағы бір айта кетерлігі: футбол турнирінің марапаттау рәсіміне Жапар Сауырғалиевтың жұбайы Жамал Бодаубаева мен спорт саласының ардагерлері қатысты.

Читать далее



ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЖАПАР САУЫРҒАЛИЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЖАПАР САУЫРҒАЛИЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ


Футболдан жасөспірімдер арасында белгілі спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы Жапар Сауырғалиевті еске алуға арналған респубикалық турнир мәресіне жетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін доп додасына 2004-2005 жылдары туылған балалар қатысады. Турнирдің биылғы ойындарына 12-команда қатысып бақтарын сынады. Олардың қатарында Қарағандыдан келген, Көкшетаудан келген, Астанадан келген және жергілікті Жамбылдық командалар бар. Наурыз айының 27-сі мен 31-күндері аралығында өткен турнирдің ұйымдастырушылары «Тараз» ФК-ның жасөспірімдер футбол орталығы. Шахтер, Астана және Оқжетпес командаларынан келген қонақтар Жамбыл жерінің аса қонақжай екендігін және турнирдің аса жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылғандығын айтты. Бұл турнирді ұйымдастырудағы негізгі мақсат, жасөспірімдердің футболға деген қызығушылығын арттырып, олардың алдағы үлкен ойындарға дайындау. Бұл бәсеке балалардың футбол ойынындағы алғашқы баспалдақ іспетті дейді мамандар.

Читать далее



ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ ӨТЕДІ...

ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ ӨТЕДІ...

 

ФИФА -ның жаңа президенті Джанни Инфантино Қазақстанның футболдан 2026 - жылғы әлем чемпионатын өткізуге ниетті екендігін айтты. Ол бұл сөзді өзінің Уругвай еліне сапары кезінде айтқан. Ал, 2030-жылғы әлем біріншілігі осы Уругвай елінде өтуі мүмкін, өйткені осыдан 100-жыл бұрын әлемдік мундиаль Уругвайдан бастау алған еді. Алайда, алдымен әлем чемпионаты 2026-жылы қай елде өтетіндігі шешілуі керек. Бұл тізімде Қазақстанмен бірге Ұлыбритания, Колумбия, АҚШ, Мексика мен Марокко секілді елдер бар. Ал, 2018 және 2022 жылғы футболдан әлем біріншіліктері Ресей мен Катарда өтетіндігі белгілі.

Читать далее