Апрель 2016

30 Апрель 2016

"РУЗАЕВКА" - "ТАРАЗ - U21" 4:1 (Дубль)

"РУЗАЕВКА" - "ТАРАЗ - U21" 4:1 (Дубль)



 Солтүстік Қазақстан облысы атынан сынға түсетін екінші лигадағы "Рузаевка" футбол командасы Жамбылдық  қосалқы құрам "Тараз - U21" командасымен кездесіп 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуді біздің команда сырт алаңда өткізді. Енді ойын жағдайына келсек. Алғаш болып алаң иелері есеп ашты. Бірінші таймның басында көзге түскен Жалмұхамбетов болатын. 27 - минутта Тараздық Ахметов есепті теңестіріп кетті. Алайда осы ойында ерекше көзге түскен Айдар Сейтжанов дубль жасап есепті үште бірге жеткізген. Ал 90 - минутта жартылайқорғаушы Смирнов бір гол соғып есепті 4:1 ге жеткізді.

Читать далее



29 Апрель 2016

"ТАРАЗ" ФК ШАБУЫЛШЫСЫ ИГОРЬ ЗЕНЬКОВИЧ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫНА КІРДІ

 "ТАРАЗ" ФК ШАБУЫЛШЫСЫ ИГОРЬ ЗЕНЬКОВИЧ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫНА КІРДІ



Жерлесіміз Игорь Зенькович өткен жеті турдың қорытындысы бойынша ең үздік сұрмергендер қатарына кірді. Ол осы уақытқа дейін қарсыластар қақпасына 3 - гол соғып, бірнеше нәтижелі пастардың авторы атанған. Премьер - лигада үш гол соққан өзге де футболшыларға келсек. Джордже Деспотович (Астана), Роман Мұртазаев (Ертіс), Эдин Юнузович (Ордабасы), Душан Савич (Жетісу), Əлібек Бөлешов (Оқжетпес) бар.

Читать далее



28 Апрель 2016

ДМИТРИЙ ОГАЙ "ТОБЫЛ" КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

 ДМИТРИЙ ОГАЙ "ТОБЫЛ" КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай өз өтініші бойынша қызметінен кетті. Ол туралы бүгін 28-сәуір күні аталған клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Білікті бапкер екіжақтың келісімі бойынша өтініш беріп, қызметінен кетті делінген онда. Естеріңізде болса, осы жексенді 1-мамыр күні "Тобыл" командасы сегізінші тур ойындары аясында "Тараз" футбол командасымен кездесу өткізеді. Ол ойынға кім жетекшілік ететін жағдайы қазір қарастырылып жатыр."Тобыл" футболшылары премьер-лига аясындағы соңғы ойында тең түсіп, күні кеше Қазақстан кубогы жолындағы жарыста ұтылып қалған болатын. Бірақ команда турнир кестесінде 5-орында келеді. Осылай, премьер-лига басталғалы бері қызметінен босатылған бас бапкерлер қатарын бүгін Дмитрий Огай толықтырып отыр. Оған дейін Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Александр Бородюк қызметінен шеттетілген еді. Дмитрий Огай "Тобылды" 2015 жылдың 26-желтоқсанынан бері жаттықтырып келеді...

Читать далее



Состав команды Дублеров

 ФК «Тараз-дубль»

Ф.И.О.

Дата рождения

1.

Төлжан Еркеғали

01.04.1995

2

ЕгембаевҚайсар

04.01.1995

3

МамешевАршат

18.12.1997

4

Сатыбалды Әлібек

28.06.1995

5

Кан Гаврил

10.01.1999

6

Шадманов Бекзат

12.08.1997

7

Ахметов Абылайхан

09.01.1997

8

Абдибеков Адлет

21.03.1996

9

Музарапов Саид

08.11.1998

10

Зайнутдинов Бобыр

16.03.1995

11

Сеңгірбай Арман

07.01.1996

12

Кенесбек Адилет

05.01.1996

13

Тоғызбай Марат

18.11.1995

14

Ордабек Руслан

05.03.1996

15

Иргебаев Руслан

04.08.1999

16

Қожахмет Қайсар

25.08.1997

17

Зайнутдинов Бактиёр

02.04.1998

18

Нурлыбаев Санжар

26.04.1996

19

Нұрдәулет Бектас

22.07.1998

20

Шушеначев Артур

07.04.1998

21

Абденаби Әділет

04.02.1996

22

Алаханов Нурлан

30.01.1996

23

Марал Шыңғыс

07.09.1998

24

Кулахметов Шейхислам

15.01.1996

25

Пак Андрей

22.11.1998

26

Қуандықов Жандос

04.02.1998

27

Жусипбек Туржан

12.08.1998

Читать далее



ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ. "ОҚЖЕТПЕС" - "ТАРАЗ" 2:1

 ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ. "ОҚЖЕТПЕС" - "ТАРАЗ" 2:1

27 - ші сəуір күні футболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финал ойындары өтті. Бұл сында Жамбылдық "Тараз" футбол командасы сырт алаңда Көкшетаулық "Оқжетпес" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жол берді. Енді бұл бəсекедегі ойындарды жалғастыра алмайды. Көкше жерінде өткен кездесудің алғашқы таймында гол ұратын бірнеше сəттер болды. Алайда, бұл мүмкіндікті қонақтар жағы пайдаланып кетті. 45 - минутта алаң иелері Марат Хайрулиннің голымен есеп ашты. Екінші таймда Тараздықтар ширақ қимылдап 75 - минутта Əлішер Сүлейдің орындауындағы голдың арқасында есепті теңестірген болатын. Бірақ ойынға қосылған қосымша уақытта Көкшетаулықтар тағы бір гол соғып есепті еселей түсті. Бұл жолы көзге түскен тағы да Марат Хайруллин болатын.

Читать далее



26 Апрель 2016

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР - ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕТІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР - ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕТІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

"ОҚЖЕТПЕС" - "ОРДАБАСЫ" 2:0
"ТОБЫЛ" - "ЖЕТІСУ" 2:2
"ТАРАЗ" - "АТЫРАУ" 0:0
"ЕРТІС" - "АСТАНА" 2:2
"АҚЖАЙЫҚ" - "ШАХТЕР" 0:1
"КАЙРАТ" - "АКТӨБЕ" 3:0

Читать далее



25 Апрель 2016

"ТАРАЗ" ФК ҚАҚПАШЫСЫ АЛЕКСАНДР ГРИГОРЕНКО ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР -ЛИГАСЫНДА 200-ШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

 "ТАРАЗ" ФК ҚАҚПАШЫСЫ АЛЕКСАНДР ГРИГОРЕНКО ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР -ЛИГАСЫНДА 200-ШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

 

Өткен жетінші турдағы "Тараз" және "Атырау" командалары арасындағы ойында "Тараз" футбол командасының қақпашысы Александр Григоренко өзінің Қазақстан чемпионатындағы 200-ші ойынын өткізді. Естеріңізде болса, 31-жастағы қақпашы алғаш рет 2004 жылы Украйнаның екінші лигасынан Қазақстанның "Атырау" командасына ауысып келген еді. Содан бері ол Қазақстан премьер-лигасындағы 4-командада ойнады. Ал, "Тараз" сапында 29-кездесуге қатысты.12-жыл бойы отандық футболды өрге сүйреп жүрген қақпашыға алдағы ойындарда тек сәттілік тілейміз!

Читать далее



ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Бүгін Қазақ футболының күні. Осыған орай барша Қазақстандық, барша Жамбылдық футбол жанкүйерлерін, ойыншыларды, бапкерлер мен олардың отбасын, футбол саласының ардагерлерін айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Тараз футбол клубының ұжымы сіздерге мол табыс, мықты денсаулық тілейді. Сіздердің қолдауларыңыз арқасында Жамбыл футболы әлі -ақ өркендейді, өседі деп ойлаймыз. Ойын сайын сіздердің жасыл алаңға келіп, теледидар арқылы бізді тамашалап қолдау көрсетулеріңіз бізге жігер береді. Жеңіске жетелейді. Мереке құтты болсын ағайын!

Читать далее



ЖАСӨСПІРІМ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЫЗ ЕРЛЕДІ

 ЖАСӨСПІРІМ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЫЗ ЕРЛЕДІ

Таразда футбол орталықтары арасындағы ойындардың бірінші тур бәсекесі мәресіне жетті. 1998 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 17-22 сәуір күндері өткендігін естеріңізге саламыз. Турнирдің нетижесінде Сүйін Молдашбаевтан тәлім алатын Жамбылдық жас футболшылар бірінші орынды жеңіп алды. Бұл Жамбыл  футболының болашағы зор екендігін көрсетеді дейді мамандар. Екінші орынға "Жетісу", үшінші орынға "Қайсар" командасы тұрақтады. Төртінші орын "Шахтердің" еншісінде. Бұл біріншілік әлі де жалғасын табады, турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат елімізде жастар футболын дамыту, сол арқылы ертең үлкен матчтарда ойнайтын ойыншыларға сара жол салу.

Читать далее



24 Апрель 2016

Тараз-Атырау

Читать далее