17 Март 2016

«ТАРАЗ»ФК МЕН «АҚТӨБЕ» ФК АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

 

 

 

«ТАРАЗ»ФК МЕН «АҚТӨБЕ» ФК АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Футболдан Қазақстан премьер- лигасының 2-тур ойындары екі күннен кейін басталады. Бұл сында жерлестеріміз Қазақстанның 4-дүркін чемпиондары «Ақтөбе" командасын өз алаңында қабылдайтыны белгілі. Сол көпшілік тағатсыздана күтіп отырған матчқа қазылық жасайтын төрешілер құрамы анықталды. Яғни, онда бас төреші Қызылжарлық Александр Гаузер болады. Қапталдағы арбитрларге Алексей Шабанов пен Самат Тергеусізов (Екеуі да Алматы) бекітіліп отыр. Ойынның инспекторы: Қасымжан Мадиев (Астана) Ендеше, ел чемпионатының екінші тур ойынындарының сәтті өтуіне осы мамандар ат салысады. Матч Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді.

 

 

 

Читать далее



МАЛИК МАНЕ «ТАРАЗ» ФК ҮШІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

МАЛИК МАНЕ «ТАРАЗ» ФК ҮШІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жамбылдық футбол жанкүйерлерінің көкейінде жүрген негізгі сауалдардың бірі Сенегалдық сұрмерген Малик Мане қашан алаңға шығатындығы. Биылғы жылғы футбол маусымына біздің командамен келісім-шарт жасаған ойыншы Тараз командасының шабуылын күшейтпек. Ол негізінен қазіргі шабуылшы, Игорь Зеньковичке көмектеседі. Ал, 19-наурыз күні орталық стадионда өтетін «Тараз», «Ақтөбе» арасындағы ойынға ол қатыса алмайды. Оның қазір Норвегияда Қазақстан елінде жұмыс істеуге болатын виза жасау мәселесі шешіліп жатыр. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса Малик Мане 19-күні Алматы қаласына ат басын бұрады. Арада, біраз уақыт жаттығу өткізгеннен кейін Мане Тараздықтардың «Оқжетпес» командасына қарсы өткізетін ойынына қатысатын болады.

Читать далее