Март 2016

12 Март 2016

«ТАРАЗ» - «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫНАН КЕЙІН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

«ТАРАЗ» - «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫНАН КЕЙІН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Екі команданының ойынынан кейін қос құраманың бас бапкерлері журналистермен жүздесіп баспасөз мәслихатын өткізді. Алғаш болып келген «Қайрат» футбол командасының бас бапкері Александр Бородюк бүгінгі ойынға тыңғылықты дайындықпен келгенін, бірақ сәл сәттілік жетіспегенін алға тартты. «Тараз» командасы ойыншыларының жақсы жаттыққандығы көрініп тұр, біз үшін бұл үлкен сын болды деді «Қайраттық» бас бапкер. Ойын болғаннан кейін жеңіс те болады, жеңіліс те болады. Ең бастысы сіздердің командаларыңызға сәттілік, ал біз келесі ойынымызға тыңғылықты дайындаламыз деп Александр Бородюк өз сөзін қорытындылады. Екінші болып журналистер алдына шыққан «Тараз» командасының бас бапкері Нұрмат Мырзабаев бұл жеңіс ойыншыларымның жақсы дайындығының арқасында келді деді. Және Жамбылдық жанкүйерлердің де қолдауы футболшыларға жігер берді. Біз әр ойынға тек жеңіске жету жөнінде мақсат қойдық. Сол үшін ерінбей еңбек етеміз. Бірақ доп домалақ деген. Алдағы ойындарда да осы жүрістен жаңылмауға тырысамыз. Оның барлығына да уақыт төреші деді Нұрмат Мырзабаев. 

Читать далее



«ТАРАЗ» - «ҚАЙРАТ» 2-1 «ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ АЛМАТЫЛЫҚ «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫН ТІЗЕ БҮКТІРДІ

«ТАРАЗ» - «ҚАЙРАТ» 2-1

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ АЛМАТЫЛЫҚ «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫН ТІЗЕ БҮКТІРДІ

 

Ел чемпионатының бірінші тур ойынында өз алаңында Алматылық «Қайрат» командасын қабылдаған Жамбылдық жерлестеріміз айқын басымдықпен жеңіске жетті. «Ұлан» стадионында болған ойынның бірінші таймы тартысты сәттерге толы болды. Әсіресе «Тараз» командасының футболшылары Абзал Таубай мен Бауыржан Байтана, команда сапына биыл алынған Игорь Зеньковичтер өздерінің жойқын соққыларымен қарсыластар қақпасының беріктігін сынап көрді. Реті келгенде Қайраттықтар да қарап қалмады. Әсіресе қара маржан Жерар Гоу өзінің әсерлі ойынымен жанкүйерлер есінде қалды. Жалпы, ойын тартысты сәттерге толы болғанымен бірінші таймда есеп ашылмады. Кезек екінші таймға келді. Екінші таймда Нұрмат Мырзабаевтың шәкірттері айқын басымдыққа ие болып қарсыластар қақпасына бірден лап қойды. Үздіксіз шабуылдап, жақсы ойын өрнегін көрсете білген Тараздықтар екінші таймның 65-минутында есеп ашты. Марат Шахметовтен пас алған шабуылшы Игорь Зенькович екі ойыншыны алдап өтіп тамаша гол соқты. Жамылдықтардың жеңісі бұл ғана емес, арада 20-минут өткенде, яғни 86-минутта жартылайқорғаушы Тарас Данилюк есепті еселей түсіп, қарсыластар қақпасына екінші голды ұрды. Бірақ ойынның аяқталуына небары екі минут қалғанда Алматылықтар командасы есепті қысқартты. «Қайрат» сапында ойнайтын жартылайқорғаушы Виталий Ли 88-минутта бір гол соқты. Ойынның негізгі уақытына төреші төрт минут уақыт қосқанымен қонақтар ешнәрсе істей алмады. Осылай өз алаңында Тараздықтар Қазақстан суперкубогының иегерін 2-1 есебімен тізе бүктірді. Жерлестеріміздің жеңіске жетуіне жанкүйерлердің қолдауы да үлкен демеу болды. Себебі «Ұлан» стадионында ине шаншыр орын болмады. Енді «Тараз» футбол командасы келесі ойынды өз алаңында «Ақтөбе» командасына қарсы өткізеді. Ол үстіміздегі жылдың наурыз айының 19-на жоспарланған.

Читать далее



11 Март 2016

Тараз-Кайрат

Читать далее



10 Март 2016

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ "ТАРАЗ" ФУТБОЛШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ЖӨНІНДЕГІ БЕЙНЕСЮЖЕТ

 

 Бейнесюжет "Қазақстан-Тараз" телеарнасының сайтынан алынған.

 

Читать далее



УКРАИНДЫҚ ЖАРТЫЛАЙҚОРҒАУШЫ ТАРАС ДАНИЛЮК «ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫМЕН КЕЛІСІМ ШАРТҚА ОТЫРДЫ.

УКРАИНДЫҚ ЖАРТЫЛАЙҚОРҒАУШЫ ТАРАС ДАНИЛЮК «ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫМЕН КЕЛІСІМ ШАРТҚА ОТЫРДЫ.

 Украиндық 32-жасар жартылайқорғаушы бүгін «Тараз» футбол клубымен келісім-шартқа отырды. Онда Тарас Данилюктің осы маусымның соңына дейін біздің команданың намысын қорғайтыны белгілі болды. Оған қазір ресми түрде 25-ші ойын нөмірі беріліп отыр. Бұл футболшыға Қазақстан біріншілігі бөтен емес, өйткені ол осы уақытқа дейін «Атырау», «Жетісу», «Екібастұз» командаларында ойнаған болатын. Ол соңғы ойынын бірінші лигадағы «Спартак» сапында өткізді. Жалпы, Тарас Данилюк Қазақстан премьер-лигасында 101-ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 15-гол соққан екен. 

Читать далее



«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ САПЫНА ТАҒЫ БІР ҚАҚПАШЫ АЛЫНДЫ.

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ САПЫНА ТАҒЫ БІР ҚАҚПАШЫ АЛЫНДЫ.

Құрметті Жамбылдық футбол жанкүйерлері, «Тараз» футбол командасының сапына тағы бір ойыншы қосылды. Ол 33-жастағы Сербиялық қақпашы Душан Джокич. Ол осы салада үлкен тәжірибе жинаған қақпашы. Кезінде Бразилияның, Венгрияның, Сербияның бірқатар командаларының қақпасын абыроймен қорғаған тас қамал ойыншы енді «Тараз» сапында өнер көрсетеді. Ол негізгі қақпашы Александр Григоренкоға көмек көрсетпек.

 

Читать далее



09 Март 2016

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЖАҢА МАУСЫМДА ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕТІН «ТАРАЗ» КОМАНДАСЫНЫҢ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЖАҢА МАУСЫМДА ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕТІН «ТАРАЗ»  КОМАНДАСЫНЫҢ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Алдымен облыс әкіміне «Тараз» футбол клубының бас бапкері Нұрмат Мырзабаев жаңа маусымға жасақталған команда ойыншыларын жеке –жеке таныстырды. Биыл құрамда анау айтқандай ірі өзгерістер болмаса да, болашағынан үлкен үміт күттіретін жергілікті жас футболшылар командаға алынған. Сондай-ақ еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттердің айтулы командаларында өнер көрсеткен белгілі ойыншылармен де келісім – шарт жасалған. Олардың қатарында Игорь Зенкович, Малик Мане сынды футболшылар бар. Клуб басшылығы мен бас бапкердің баяндамасын тыңдаған аймақ басшысы Жамбыл жерінің намысын қорғайтын футболшыларға жаңа маусымда үлкен сенім артылатындығын жеткізді. Сіздер біздің бетке ұстар команда болуларыңыз керек,  сіздер үшін Жамбыл облысындағы 1 –млн. 100- мың адам жанкүйерлік етіп отыр, олардың сенімін ақтау үшін аянбай тер төгіңіздер деді облыс әкімі. «Тараз» футболшыларымен толық танысып, команда алдында айқын мақсат пен міндеттерін қойып берген өңір басшысына команда капитаны 10-шы номерлі футболканы сиға тартты. Кездесу соңында облыс әкімі алғашқы «Қайрат», «Ақтөбе» және «Оқжетпес» командаларымен болатын кездесуде Тараздықтар ойынына сәттілік тіледі.

Читать далее



«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР                     ҚҰРАМЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.

Футболдан Қазақстан премьер- лигасының 1-тур ойындары үш күннен кейін басталады. Алғашқы ойында жерлестеріміз азулы қарсылас «Қайрат" командасын өз алаңында қабылдайтыны белгілі. Сол көпшілік тағатсыздана күтіп отырған матчқа қазылық жасайтын төрешілер құрамы анықталды. Яғни, онда бас төреші өскемендік Игорь Чесноков болады. Қапталдағы арбитрларге Евгений Попов (Өскемен) пен Илашбек Орынбаев (Шымкент) бекітіліп отыр. Ендеше, ел біріншілігінің алғашқы ойынындарының сәтті өтуіне осы мамандар ат салысады. Ойын "Ұлан" ("Локомотив") стадионында өтеді деп  жоспарланып отыр. 

Читать далее



07 Март 2016

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ" ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНЕН КЕЛГЕН БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРМЕН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ" ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНЕН КЕЛГЕН БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРМЕН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

      Семинар кеңеске Қазақстанның Премьер-лигасы мен бірінші лигасында өнер көрсететін футбол командаларының баспасөз өкілдері қатысты. Онда негізінен өткен жылғы ел чемпионатындағы ойындарды насихаттау жұмыстарының қортындысы жасалды. 2016-шы жылғы Қазақстан біріншілігі ойындарының жаңа регламенті таныстырылды. Сондай-ақ жиында футбол кезінде трансляция жасау тəртібі, бапкерлер мен ойын соңында ұйымдастырылатын баспасөз мəслихатындағы футбол клубы өкілдерінің міндеті айқындалды. Семинар кеңес екі күнге созылады. Жиын "Астана-Арена" стадионының Мəжіліс залында өтті.

Читать далее



03 Март 2016

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БИЫЛҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОЙЫН НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

 «ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БИЫЛҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОЙЫН НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

                              1-кезең. (12.01.2016 – 25. 01.2016)

Биылғы футбол маусымына тыңғылықты дайындалуды жөн көрген «Тараз» футбол клубы оқу-жаттығу жұмыстарының бірінші кезеңін облыс орталығындағы «Жастар» стадионында үстіміздегі жылдың 12-ші және 25-ші қаңтар айлары аралығында өткізді. Онда негізгі құрамға үміткер ретінде 30-футболшының ойыны қаралды. Негізгі мақсат: ойыншылардың физикалық тұрғыда дайындығын тексеру, күш –жігерін біріктіріп, жалпы ойынның жоспарын жасау.

                                 2-кезең. (31.01.2016 – 29.02.2016)

Оқу-жаттығу жұмыстарының екінші кезеңі ол жалпы дайындық кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде біздің команда Түркияның Анталья қаласында болды. Мұнда негізінен клуб басшылығы мен бапкерлер ойыншылардың мүмкіндігін сынады. Олардың жүгіру қабілеті мен жылдамдығын, ойын тактикасын бағдарлады. 

                                   3-кезең. (17.02. 2016 – 29.02.2016)

Үшінші кезең арнайы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде негізігі құрамды жасақтау жұмыстары жүргізілді. Бұрын «Тараз» құрамында ойнамаған жаңа футболшылардың мүмкіндігі сарапқа салынды. Үшінші қортынды кезеңдеТараздықтар жаман ойын өрнегін көрсеткен жоқ. Қарсыластарға қарсы үш ойын ойнап, бір жеңіс, бір тең түсіп, біреуінде жол берді.

   

Жалпы қорытынды:

«Тараз» футбол командасы Түркия жерінде барлығы 7- ойын өткізіп, оның 1-де жеңіске жетті. 2- ойынды тең нәтижемен аяқтаса, 4- ойында қарсыластарға есе жіберді.

 

         (Ойнаған командалардың тізімі мен ойын нәтижелері)

Подрезова (Словакия) –Тараз 2: 0 

Тараз- Истиклол (Тәжікстан) 2:2  (Рымтаев, Шахметов) 

Ягодина (Сербия) – Тараз 2:1      (Зенькович) 

Сириус (Швеция) – Тараз 2:0 

Тараз-Милсами (Молдова) 1:1    (Шахметов)

Тараз Олимпик (Донецк) 1:2    (Рымтаев)

Тараз Минск (Белоруссия) 2:0  (Мане, Зенькович)

 

Читать далее