27 Февраль 2016

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ УКРАЙНАЛЫҚ ДОНЕЦКТІҢ «ОЛИМПИК» КОМАНДАСЫМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 

 

 

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ УКРАЙНАЛЫҚ ДОНЕЦКТІҢ «ОЛИМПИК» КОМАНДАСЫМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 

Түркиядағы оқу-жаттығу жұмыстары барысында Тараз футбол клубының ойыншылары Украйна премьер-лигасында өнер көрсететін Донецктің «Олимпик» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Тартысты өткен ойынның 16-шы минутында Украйндық Иван Матяж есеп ашып, Олимпикті алға шығарды. Одан кейін, аталған команданың тағы бір ойыншысы Испандық Моха есепті еселей түсті. Ойынның екінші таймы да қызықты сәттерге толы болды. Тараздықдар сапында жақсы өнер көрсеткен бірқатар ойыншылардың тепкен доптары бірде бағанаға тиіп, енді бірде қиыс кетіп жатты. Тек, ойын аяқталар тұста жерлесіміз Бақытжан Рымтаев Украйндықтар қақпасына бір гол соғып, есепті 2-1-ге қысқартты. Алайда, уақыт аяқталуына байланысты ойын осы нәтижемен аяқталды. Уақыттың жетпеуі мен сәттіліктің серік болмауы Тараздық командаға қарсыластарға жол беруге тура келді. Бірақ, бұндай білікті құрамамен жолдастық кездесу өткізу біздің шеберлігімізді шыңдай түседі дейді мамандар...

 

 

 

Читать далее



МАЛИК МАНЕ ТАРАЗ ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

МАЛИК МАНЕ ТАРАЗ ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

 

«Тараз» футбол клубы тариxында осымен екінші рет Сенегалдық ойыншы командамен келісім шарт жасады.  Ол Малик Мане. Одан бұрын біздің команда сапында Абдулай Диакетенің ойнағанын Жамбылдық футбол жанкүйерлері жақсы білер. Малик Мане Қазақстандықтарға 2011 жылғы ел біріншілігінен жақсы таныс. Ол сол кезде «Ақтөбе» командасының намысын қорғаған еді. Малик Мане Ақтөбелік команда сапында 29-ойын өткізіп, 12-гол соққан болатын. Енді міне, 27-жасар шабуылшы Тараз футболын жеңіске жетелейді. Сенегалдан келген қара маржан кезінде Швецияның, Сауд Арабиясының белді командаларында ойын өрнегін көрсеткен. Онымен 2016 –жылғы футбол маусымына келісім-шартқа отырған клубтың вице-президенті Ғабит Қазбеков жаңа ойыншыдан жаңа жаңалықтар күтетіндігін жеткізді. 

Читать далее