24 Февраль 2016

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕСІМІЗ ВАХИД МАСУДОВ ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕСІМІЗ ВАХИД МАСУДОВ ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жамбыл облысының тумасы, атақты жерлесіміз, КСРО-ның спорт шебері, кезінде Тараз футбол клубының сапында өнер көрсетіп, кейіннен клубқа басшылық жасаған азамат Вахид Масудов енді футболдан Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтыратын болды. Футбол саласында ұзақ жылдар тер төккен тәжірибелі маман, еліміздің «Қайрат», «Шахтер», «Ақтөбе» секілді белді командаларын да жеңіске жетелегендігі белгілі. Қазір Қазақстан Футбол Федерациясы тарапынан бұл азаматқа үлкен сенім артылып отыр. Өйткені, елімізде футбол саласын жақсы дамыту үшін, бірінше кезекте жас спортшыларды тәрбелеуіміз керек. Вахид Масудовтың басшылығымен енді бұл команда 2017 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа біріншілігінің іріктеу ойындарына қатысады. 

Читать далее