22 Февраль 2016

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ

 ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ
 
 
Футболдан ел біріншілігінің жаңа маусымы басталуға жақын. Сондықтан да қазір премьер -лигада өнер көрсететін командалардың барлығы негізгі құрамды жасақтап бітіруге жақын қалды. Оның ішінде «Тараз» футбол клубы бірнеше футболшылармен келісім-шарт жасасқандығы жөнінде айтқан болатынбыз. Қазіргі уақытта «Тараз»  футбол клубы бұрын Қостанайлық «Тобылдың» қақпасын қорғаған, белгілі қақпашы Кирилл Коротковичпен келіссөздер жүргізіп, оның ойынына баға беріліп жатыр. Естеріңізде болса, ол күні кеше Молдавиялық «Милсами» командасымен болған кездесудің алғашқы таймында ойнап, өзін жақсы қырынан таныта білген еді. Бұл сында есеп 1-1 нәтижесімен тең аяқталды. Сондай-ақ осы ойында Сенегалдық шабулшы Мәлік Мане де өнер көрсетті. Ол Қазақстандықтарға жақсы таныс есім. Өйткені, нақ осы сұрмерген кезінде «Ақтөбе» құрамасының сапында жасындай жарқылдаған еді. Жаңа маусымға жасақталып үлгерген «Тараз» футбол клубының сапында анау айтқандай үлкен өзгерістер күтілмейді, тек бір-екі футболшымен жаңа келісім –шарттар жасалуы мүмкін дейді мамандар.  
 
Читать далее