18 Февраль 2016

ЖАҢА МАУСЫМҒА ЖАҢА ҚҰРАМ ЖАСАҚТАЛЫП ЖАТЫР

ЖАҢА МАУСЫМҒА ЖАҢА ҚҰРАМ ЖАСАҚТАЛЫП ЖАТЫР

    

                                                                              Байтана Бауыржан      Айтбаев Берік

        

                                                               Шахметов Марат     Недашковский Олег   Зенькович Игорь

Тараз футбол клубы. Жамбыл облысы атынан ел чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсететін бірден бір команда. Қазіргі уақытта клуб басшылығы жаңа маусымға дайындық жұмыстарын пысықтап, команда құрамына жаңа футболшыларды алу жұмыстарымен айналысып жатыр. Ол үшін келісім-шарттар жасалып, кейбір футболшылармен -келісімдер ұзартылды. Мәселен: 2016 жылғы футбол маусымында енді Сіздер біздің құрамнан шабуылшы Игорь Зенковичті көре аласыздар. Ол қостанайдың «Тобыл» командасынан ауысып келген. Кезінде дәл осы «Тобылдың» намысын қорғаған қорғаушы Олег Недашковский де енді Тараз сапында. Алматылық «Қайратта» өнер көрсеткен Бауыржан Байтана мен «Астана» командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Марат Шахметов те жаңа маусымда Тараз құрама командасының намысын қорғайды. Сондай-ақ «Атырау» командасынан бізге ауысқан қорғаушы Берік Айтбаев та Жамбыл футболының дамуына ат салыспақ. Бұдан бөлек, Тараз футбол командасының құрамында биылғы маусымда көптеген жергілікті жас футболшылардың да бағын сынау көзделіп отыр.

Читать далее