20 Ноябрь 2012

Біржан Қадырманов пен Ербол Балқыбековты еске алуға арналған турнир.

Қараша айының 17-ші жұлдызында Тараз қаласы әкімдігі және «Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлан» стадионында дәрігерлер Біржан Қадырманов пен Ербол Балқыбековты еске алуға арналған дәстүрлі 11-ші кіші футболдан турнир өтті.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде қалалық әкімдіктің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Оксана Борисюк сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ербол мен Біржанның туыстары ұйымдастырушыларға алғысын айтып, медицина қызметкерлері мен футбол ардагерлеріне осы турнирге қатысып жатқандары үшін ризашылығын білдірді.

Читать далее