ЖАМБЫЛДЫҚ АТАҚТЫ ЖЕРЛЕСІМІЗ, БҮГІНДЕ «ҚАЙРАТ» ФК ОЙЫНШЫСЫ БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН «ТАРАЗ» ФК РЕСМИ САЙТЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

  • Категория: ИНТЕРВЬЮ
  • Просмотров: 582

ЖАМБЫЛДЫҚ АТАҚТЫ ЖЕРЛЕСІМІЗ, БҮГІНДЕ «ҚАЙРАТ» ФК ОЙЫНШЫСЫ БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН «ТАРАЗ» ФК РЕСМИ САЙТЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

Бауыржан Ербосынұлы өзіңіз де осы балалар секілді кішкентай кезіңізден доп тептіңіз? Бүгінгі жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсатыңыз да сол шығар?

Дұрыс айтасыз, өзім де осындай кішкентай турнирлерде талай доп тептім, осындай турнирлерден шықтым. Тараз қаласының жасыл алаңдарында ойнадым. Осы жерде футболшы ретінде қалыптастым десем де болады. Содан барып өзім осылай шештім. Туған жерге келіп жыл сайын осындай турнир өткізуді ұйғарып отырмын. Жастар өссін, Қазақстанның туын желбіретінсін, кім біледі болашақта осы тұрған ойыншылар ішінен бізден де мықты футболшылар шығатын шығар. Әзірге, 10-команда қатысқанымен болашақта олардың саны өсетініне мен сенімдімін.

Бұл жарыстан не күтесіз? Және жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу ойыңызда барма? Қазір балалар үшін не маңызды?

Әрине, балалар үшін әрбір алған медаль, әрбір алған жүлде маңызды деп білемін. Себебі, кезінде өзіміз де қолымызға кубок ала қалсақ оны басымызға көтеріп, қуанғаннан төбеміз көкке көтерілетін. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларынан командалалар келді. Олардың басшыларына да алғысым шексіз. Бізді силап, біздің шақыртуымызды қабыл алғандарына. Бұл турнирдің әзірге бастамасы жаман емес, көріп тұрсыздар осында 200-ден астам футболшы жүр. Оның ауқымы әлі де кеңейеді. Осы турнирді ұйымдастыруға ат салысқан барлық ағаларыма алғыс айтамын.