def

Бүгін «Тараз» футбол клубының директоры Қанат Мұсатаев журналистермен жүздесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесуге облыстағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен бөлек, футбол саласының ардагерлері, жанкүйерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында клуб басшысының орынбасары Ғабит Қазыбеков көпшілікке жаңа тағайындалған директорды таныстырды. Бірден сұрақ-жауапқа көшкен Қанат Мұсатаев Жамбыл футболын дамытуға ерекше ден қоятындығын жеткізді. Әрине, қазіргі таңда клуб жұмысында кемшілік жоқ емес, бірақ сол бар нәрсені сіздермен бірге анықтап, шешу жолдарын да қарастырамыз деді жаңа басшы. Жанкүйерлер тарапынан шарфтар жасау, оларды Тараз жерінен тыс жерлерде өтетін ойындарға қолдау білдіру секілді мәселелерді көтерсе, ардагерлер өңірімізде балалар футболын дамытуға ден қою керектігін айтты. Клуб басшысы көтерілген барлық мәселелерді назарға алып, алдағы уақытта зерделеу жұмыстарын өткізетіндігін, сонымен қатар, бұдан былай клуб қызметі жанкүйерлер мен өзге де азаматтарға барынша ашық болатындығын айтты. Канат Бектілеуұлы биылғы бірінші лигада өнер көрсететін «Тараз» командасы сапына алынатын ойыншылардың көбісі жергілікті жастар екендігін, Жамбыл жері де алдағы уақытта талай таланттарды тудыратындығын тілге тиек етті. Кездесу соңында барлық қатысушылар жаңа басшының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

 

 

 


г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2018 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"