Бірінші лигада бәрін айқындайтын үш тур өткізу ғана қалды. «Тараз» Премьер-лигаға шығудың алдында тұр, дегенмен, ол үшін қалған ойындарда алты ұпай жинауы керек. Жақында, 21 қазанда біздің команда өз алаңында бүгінгі таңда турнир кестесінде 12-ші орында тұрған «Ақтөбе-Жас» командасын қабылдайды. Бір қарағанда әлсіз көрінгенімен, ақтөбелік жастар жерге қаратып кетуі әбден мүмкін. Олардың жақында біріншілік көшбасшыларының бірі – шығысқазақстандық «Алтай» командасымен қонақта ойнап, тең түсуі (1:1) осыны көрсетеді.

 

Бұл жастар командасы Бірінші лигаға біріншілік басталар алдында енгізілгенін айта кету керек. Бірінші айналымның қорытындысында 5 ұпай, екінші айналым ойындарында 2 ұпай жинаған команда, үшінші айналымда аяқ астынан 7 ұпай жинады. Бұл батысқазақстандықтардың ойынында даусыз ілгерілеу бар екенін аңғартады.

Бір сөзбен айтқанда, алдағы демалыста тараздықтарды аса жауапты кездесу күтіп тұр. Бұл ойында ұпай жоғалтуға мүлде болмайды. Қазір біз үшінші орында келе жатқан Шымкенттің «Қыранынан» 5 ұпай алдамыз. Дәл сол күні «Қыран» өз алаңында біріншілік көшбасшысы - Көшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайтынын ескерсек, белгілі бір жағдайларда тараздықтар фиништен екі тур бұрын-ақ Премьер-лигаға жолдама алып кетуі әбден мүмкін.

Футбол жанкүйерлерін өз командамызға қолдау көрсетуге шақырамыз!

Орталық стадиондағы ойынның басталу уақыты – 17:00.

 


г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2018 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"