Елімізге белгілі футбол маманы Қанат Мұсатаев бүгіннен бастап "Тараз" футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.

Ол Шымкент футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде ұзақ жылдар "Ордабасы", "Тараз", "Ертіс", "Қайсар", "Шахтер" командаларының намысын қорғаған. Ұлттық құрама сапында да өнер көрсетіп, Қазақстанның ең таңдаулы ойыншыларының қатарына кірді.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін "Ордабасы", "Шахтер" және "Тарлан" футбол клубтарында еңбек етті. 2012 жылдың ақпан айынан бастап ҚФФ спорт директорының орынбасары қызметін атқарады.
Үйленген. 4 бала тәрбиелеп отыр.
Ал, 2014 жылдан тастап "Тараз" ФК директоры қызметін атқарған Махамбет Дүйсембаев өз еркімен қызметінен кетті.


г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2018 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"