Қанат Бектелеуұлы Мұсатаев

Клуб басшысы

1970 жылдың 6 маусымында туған.  

Шымкент футбол мектебінің түлегі.
Футболшы ретінде ұзақ жылдар "Ордабасы", "Тараз", "Ертіс", "Қайсар", "Шахтер" командаларының намысын қорғаған.
Ұлттық құрама сапында 9- ойын өткізді. Ол Қазақстанның ең таңдаулы ойыншыларының қатарына кірген.
Яғни, Қанат Бектілеуұлы 343 ойынмен 20 үздік футболшының бірі ретінде тарихта қалды.

2004 жылы футболшы мансабын аяқтағаннан кейін "Ордабасы", "Шахтер" және "Тарлан" футбол клубтарында бапкер және бас бапкер қызметтерін ақтарды.

2012 жылдың ақпан айынан бастап
Қазақстан футбол федерациясының спорт директоры және директорының орынбасары да болған.

Ал, 2016 жылдан бастап «Оңтүстік» футбол академиясының президенті қызметін абыроймен атқарды.
Үйленген. 5 бала тəрбиелеп отыр.

 

 

ҒАБИТ ЕРКІНБЕКҰЛЫ ҚАЗЫБЕКОВ

Клуб басшысының орынбасары

1972 жылдың 29 тамызында Жамбыл облысы Қаратау қаласында туған. 

Білімі жоғары. 1994 жылы "Есеп жəне аудит " ұлттық техникалық институтының Қаратау филиалын бітірген. Ал, 2008 жылы халықаралық қазақ- түрік университетін "денешынықтыру жəне спорт" факультетін де оқыды. 2003 жылдан "Тараз" футбол клубында директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Үйленген. 3 бала тəрбиелеп отыр.

 

НҰРЖАН ƏЗІМХАНҰЛЫ ҚАНЫБЕКОВ

Клуб басшысының орынбасары

1967 жылдың 29 желтоқсанында ОҚО - ның Темір стансасында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1998 жылы Қазақ денешынықтыру институтын "Денешынықтыру жəне спорт" факультетін Бапкер мамандығы бойынша тамамдаған.
2014 жылдан "Тараз" футбол клубында директордың кеңесшісі, орынбасары қызметтерін атқарып келеді. Үйленген. 2 бала тəрбиелеп отыр.

 

 

Пак Татьяна Анатольевна

Бас бухгалтер

1974 жылдың 3 мамырында туған.

Татьяна Пак қазіргі Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген. Мамандығы «Бухгалтерлік есеп және аудит». 2006 жылдан бастап «Тараз» футбол клубында бухгалтер, ал, 2010 жылдан қазірге дейін бас бухгалтер қызметтерін атқарып келеді. Тұрмыста. 2 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

КУДАСОВА САЛТАНАТ ӘБДІҒАНИҚЫЗЫ

Юрист

1969 жылдың 5 тамызында туған.

Салтанат Кудасова қазіргі Астана, сол кездегі Целиноград қаласында дүниеге келген. 2002 жылы «Қазақ -Түрік» университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдан бастап «Тараз» футбол клубында заңгер маманы болып жұмыс істейді. Тұрмыста. 3 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

Күлəш Төлегенқызы Нақыпбекова

Инспектор по кадрам

Күлəш Төлегенқызы Жамбыл облысының Шу қаласында туған.
Білімі жоғары. 2002 жылы Алматы экономика жəне статистика институтын бітірген. Мамандығы: қаржыгер. 
2003 жылдан "Тараз" футбол клубында кадрлар бөлімінің инспекторы қызметін атқарады. Отбасы бар. 2 бала тəрбиелеп отыр.

 

 

ШЫМЫРОВ БАХЫТ САЙЛАУҰЛЫ

Начальник службы безопасности

1959 жылдың 29 тамызында туған.

Бақыт Шымыров Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Керей ауылында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар. Сонымен қатар, запастағы полиция полковнигі. 2014 жылдан бастап «Тараз» футбол клубының қауіпсіздік қызметінің басшысы. Үйленген. 3 баланың әкесі.

Joomla SEF URLs by Artio

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"