ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "АРМАН" ТУРНИРІ МƏРЕГЕ ЖЕТТІ

Фото Тараза Жамбыла.Футболдан Республикалық "Арман" турнирі мəресіне жетті. 21 наурыз күні Жамбыл жерінде басталған дүбірлі доп додасы 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. Ол екі кезең бойынша 27 наурызға дейін жалғасты. Естеріңізге сала кетейік, "Арман" турнирі 2008 жылдан бері дəстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа еліміздің 8 өңірінен келген сегіз команда қатысты. Тағы бір айта кетерлігі осы бір айтулы сында Тараздықтар финалға дейін шықты. "Ұлан" стадионында өткен финалдық ойында тек "Ордабасы" командасына 0:1 есебімен жол берген жерлестеріміз республикалық турнирдің екінші орынынан көрінді. Ал, үшінші орынды "Жетісу", төртінші орынды "Қайрат" командасы қанағат тұтты.