Қыркүйек 2017

19 Қыркүйек 2017

"ТАРАЗ" ӨЗ АЛАҢЫНДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Футболдан ел чемпионатының 27-ші турында Жамбылдық «Тараз» командасы, Алматылық «Қайратты» өз алаңында қабылдаған болатын. 90 минуттық ойынның нәтижесі бойынша 1:5 есебімен алаң иелері, келген қонақтарға есе жіберді.Ойынның алғашқы минуттарында-ақ Тараздықтар да, қонақтарда қарқынды қимылдап бәсеке қызу басталды. Алайда 17-ші минутта Жерар Гоудың, Тараз қақпасына бағыттаған добы есепті ашты. Осылайша ойынның алғашқы кезеңі 0:1 есебімен аяқталды. 15 минуттық үзілістен кейін ширақ қимылдаған қонақтар тағы бір голмен алға шықты. Бұл жолы Андрей Аршавиннің шығарған добын, қақпаға тура бағыттай білген Бауыржан Исламхан болатын. Тараздық аяқ доп шеберлерінің де есепті теңестіруге мүмкіндіктері болғанымен, ұрымтал сәттерді өз пайдаларына асыра алмады. Сонымен қатар, «Қайрат» командасы келесі бір шабуыл кезінде айып соққысын өз пайдаларына асырып, 11 метрден Жамбыл футбол мектебінің түлегі Бауыржан Исламханның тепкен добы Тараз қақпасына тулады. Ойынның 82 минутында Тараздық Жақып Қожамберді Қайрат қақпасына бір доп салды. Кездесудің соңғы минуттарында қонақтар Тараз қақпасына бағыттаған доптары 90 минуттық ойынның есебін қорытындылады. Яғни, 1:5 нəтижесімен Алматылықтар жеңіске жетті. Алайда, екінші таймның қақ ортасында Максим Фещуктің тура тепкен добы қақпа бағанасына тиіп, голға айналғандай болған, алайда ол сəтті қапталдағы төрешілер есепке алмады.

Читать далее



17 Қыркүйек 2017

ВИДЕО ПОСЛЕМАТЧЕВОЙ ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ К. ФЕРРЕР

Читать далее






ФОТОРЕПОРТАЖ. ФК "ТАРАЗ" - ФК "КАЙРАТ" 27-тур

Читать далее



16 Қыркүйек 2017

ФОТОРЕПОРТАЖ. "ТАРАЗ М-21" - "ЖЕТЫСУ М-21"

Читать далее



15 Қыркүйек 2017

"ТАРАЗ" ӨЗ АЛАҢЫНДА "ҚАЙРАТТЫ" ҚАБЫЛДАЙДЫ

 Картинки по запросу тараз кайрат

Осы сенбі кешінде футболдан Қазақстан премьер - лигасының 27 тур ойындары өтеді. Дүбірлі доп додасында Жамбылдық "Тараз" командасы өз алаңында Алматылық "Қайрат" командасын қабылдайтын болады. Бұл қос команда арасындағы биылғы үшінші кездесу болмақ. Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың наурыз айында Тараз қаласының орталық стадионында өткен алғашқы матчта "Тараз" және "Қайрат" командалары 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. Ал, бұл командалар арасындағы екінші кездесу 20 мамыр күні Алматы қаласында өтті. Ол ойында Жамбылдықтар "Қайратқа" ірі есеппен жеңіліс тапты. Яғни, ойындағы қорытынды есеп 4:0 болып тіркелген. Енді міне, сол азулы Алматылық командаға қарсы Таразды тағы бір жауапты матч күтіп тұр. "Қайрат" командасы қазір турнир кестесінде 2 орында келеді. Жалпы, ұпай сандары 59. Ал, Тараздықтар 7 орында. Жинаған ұпайы 29. Ойын 16- қыркүйек күні Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді. Матчтың басталу уақыты 19:00.

Читать далее



12 Қыркүйек 2017

БАС БАПКЕР ВАИТ ТАЛГАЕВ НЕ АЙТТЫ?

"Ордабасы" мен Тараздың арасындағы ойын қашан да тартысты өтетіндігі белгілі. Бүгін де соның куəсі болдық. Қиын əрі қызықты матч десек те болатындай. Алаң қожайындары біз жіберген қателікті тиімді пайдаланып, бізге гол соғып кетті. Оны қайтаратын мүмкіндік те көп болды. Бірақ, өкінішке орай қайтара алмадық. Мен матчтың төрелігі туралы ештеңке айта алмаймын, бірақ оны тиісті комитет тексереді деп ойлаймын. Себебі соңғы жағында түсініспеушілік болған сияқты. Бірақ, мен ол жөнінде айта алмаймын. Дегенмен, Шымкенттік команда тек орындаушылық шеберлік жағынан ғана бізден жоғары болды.

Читать далее



"ОРДАБАСЫ" - "ТАРАЗ" 1:0

"Тараз" сырт алаңда "Ордабасы" командасымен кездесу өткізіп, алаң қожайындарына 1:0 есебімен жол берді. Матчтың екі таймы да қос команданың алма кезек шабуылымен өрбіді. Алайда, сол бірінші таймның соңында Ковальчук соққан жалғыз гол ойынның тағдырын шешіп кетті. Тараздықтарға бұл жолы сəттілік жетіспеді. Өйткені, гол ұратын мүмкіндіктер Манеде көп болды. Бірақ, жерлестеріміз оны тиімді пайдалана алмады. Осылай "Ордабасы" өз алаңында жеңіске жетіп, маңызды деген үш ұпайды еншілесе, Тараздықтар үшін бұл көңіл көншітпейтін көрсеткіш. "Тараз" командасы енді келесі кездесуді өз алаңында азулы Алматылық "Қайратқа" қарсы өткізеді.

Читать далее



08 Қыркүйек 2017

БАЛАЛАР ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Төле би атындағы 8 орта мектеп базасында өңірімізде балалар футболын дамыту жөніндегі семинар кеңес өтті. Оған 30 –дан астам қала мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімдері мен спорт саласының өкілдері қатысты. Биылғы жылдан бастап білім саласына енгізілген жаңа өзгерістердің бірі 1 –ші сынып пен 4 –ші сынып аралығындағы мектеп оқушыларының денешынықтыру пәніне футбол сабағын үшінші пән ретінде енгізу. Мәселен: футбол сабағы бұрын жыл бойына жоспарға сай өткізілетін болса, биылдан бастап ол апта сайын міндетті түрде өткізіледі. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларына бірден футбол ойнатпай, оларды алдымен футбол ойынының техникасымен таныстырады. Тіпті, Қазақ футболы жөнінде, атақты футболшылар туралы да түсіндірілетін болады. Бұл бірінші кезекте балаларды жастайынан футболға баулу үшін керек дейді сала мамандары. Осыған орай ҚР білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми практикалық орталығының жетекшісі Асылхан Әбішов пен Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаков қазір өңір өңірлерді аралап мұғалімдермен жиындар өткізіп жатыр. Футбол спортын оқушының жастайынан біліп өсуі баланың оған деген қызығушылығын арттырады. Сабақ кезінде енді денешынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларға допты қалай лақтыру, қалай тебу керектігі мен футболда қандай терминдер бар екендігін де үйрететін болады. Кездесуден кейін жиналғандарға спорт саласының өкілдері арнайы жасыл алаңда шеберлік сыныбын өткізді.

Читать далее



ОСЫ АПТАДА "ОРДАБАСЫ" ЖӘНЕ "ТАРАЗ" КОМАНДАЛАРЫ КЕЗДЕСЕДІ

 Картинки по запросу ордабасы тараз

Осы жексенбі футболдан Қазақстан премьер -лигасының 26 тур ойындары аясында Жамбылдық "Тараз" командасы Оңтүстік Қазақстандық "Ордабасы" командасымен кездеседі. Бұл матч Шымкент қаласындағы "Биік" қосалқы стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты кешкі сағат 19:00. Бұл командалар арасындағы ойын қашан да тартысты өтетіндігі баршаңызға белгілі. Биылғы ел чемпионатында қос команданың екі рет жолы түйісті. Бірінші ойын үстіміздегі жылдың 8 сәуірі күні Тараз қаласында өтіп, онда жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал, екінші кездесу 3 маусым күні Шымкент қаласында өтті. Ол ойында "Ордабасы" командасы "Таразды" 3:0 есебімен жеңіп кетті. Ендігі матч екі команда арасындағы үшінші кездесу болмақ. Шымкенттік "Ордабасы" командасы қазір премьер - лиганың турнир кестесінде 3 орында келеді. Жалпы, ұпай сандары 45 ұпай. Ал, Тараздықтар 29 ұпаймен 7 орынға тұрақтаған болатын.

Читать далее