17 Тамыз 2017

АЛДАҒЫ ЖЕКСЕНБІ КҮНІ "ТАРАЗ" ҚОСТАНАЙЛЫҚ "ТОБЫЛМЕН" КЕЗДЕСЕДІ

Фото Айбола Карашева.Футболдан Қазақстан премьер - лигасының 24 тур ойындары аясында 20 тамыз күні Жамбылдық "Тараз" командасы Қостанай қаласына қонаққа барады. Онда жерлестеріміз алаң қожайындары "Тобыл" командасымен кездесу өткізеді. Бұл биылғы жылға осы екі футбол командасы арасындағы үшінші кездесу болмақ. Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың 1 сəуірі күні Тараздықтар сырт алаңда "Тобыл" командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіліс тапса, екінші рет "Тараз" командасы 27 мамырда "Тобылды" өз алаңында қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Яғни, екі команда арасындағы биылғы ойын əзірге тең! Ал, үшінші матчта кім жеңіске жетеді. Оны алдағы жексенбінің кеші анықтайтын болады.

Читать далее