15 Маусым 2017

ЖЕКСЕНБІ КЕШІ ЖЕҢІСТІ БОЛСЫН!

  

18 маусым, яғни осы жексенбі кешінде футболдан Қазақстан премьер- лигасының кезекті туры аясында Жамбылдық "Тараз" командасы өз алаңында Павлодарлық "Ертіс" командасын қабылдайды. Бұл биылғы маусымда "Ертістің" біздің алаңға алғаш рет аяқ басуы. Мұның алдында Павлодар қаласында өткен ойында жерлестеріміз ірі есеппен жеңіліс тапқан болатын. Енді міне, Талгаев шəкірттеріне сол кеткен есені қайтаратын кез келді. Алайда, Ертіс өзені жағасынан келетін команданың да осал емес екендігін айта кету керек. Екі команда арасындағы матч Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді. Матчтың басталу уакыты 19:00. Ендеше, құрметті жанкүйерлер жергілікті командаға барынша қолдау білдіріңіздер!

Читать далее



2017-біріншілік маркетинг семинары

Фото Толегена Унгарова.Фото Толегена Унгарова.

Фото Толегена Унгарова.Фото Толегена Унгарова. 

8-10 маусым аралығында Алматы қаласында маркетингтік семинар өтті. Бұл семинардың басты мақсаты оймен бөлісу, тажрибе алмасу. Жиынга Қазақстанның барлық облыстарынан маркетологтар жиналды. Арнайы Мәскеу қаласынан “Локомотив” маркетинг бөлімінің бастығы Дарья Спивак қонақ болып келді. Дарья Спивак өз ойымен бөлісіп, үйрету семинарын өткізді. ПФЛК ұйымдастырушыларыда өте маңызды мәселелер айтып өтті, өз білімдерімен бөлісті. Осы семинарда “Қайрат” базасына және академиясына бардық. Семинар ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Осындай ауқымды іс-шаралар жылдан-жылға дамып өз жемісін береді деген ойдамын.

Читать далее