17 Наурыз 2017

ПОСЛЕМАТЧЕВОЕ ИНТЕРВЬЮ ФУТБОЛИСТОВ ТАРАЗА

 

 

Читать далее



"ТАРАЗ" - "КАЙРАТ" ТЕҢ НƏТИЖЕНІ ҚАНАҒАТ ТҰТТЫ

Фото Тараза Жамбыла.Бүгін футболдан Қазақстан премьер- лигасының үшінші тур ойындары аясында Жамбылдық "Тараз" командасы өз алаңында Алматылық атақты "Қайрат" командасын қабылдап 0:0 есебімен тең тарқасты. Алайда, ойын қызықты сəттер мен талай қақпаға соғылмай қалған голдарға толы болғандығын айта кету керек. Бірінші тайм бастала салып, жұлдызды ойыншылардан құралған "Қайрат" футболшылары "Тараз" қақпашысын қыспаққа алды. Əсіресе қара маржан Жерар Гоудың жылдамдығына жұрт қол соқты. Сол қапталдан Андрей Аршавин де бірлі- екілі соққы жасағанымен ол қақпаға дари қоймады. Алматылық команданың шабуылын "Тараз" қақпашысы Бабаханов дер кезінде тосып алып жатты. Алайда, алғашқы таймның ортасында Тараздықтар да шабуылдай бастады. Фещук пен Жақып Қожамберді жұбы ашылып ойнауға көшті. Сонымен қатар Морис та өзін шабуылшы ретінде сынап көрді. Алайда, екі командада гол ұратын тамаша сəттер болғанымен, ол іске аспады. Бірінші тайм 0:0 есебімен тең аяқталды. Екінші таймда қонақтар командаға бірқатар өзгеріс жасады. Ортада ойқастаған Бразилиялық Исаель мен Ресейлік Аршавинды жас əрі талантты ойыншылар Жуков пен Иличевичке ауыстырды. Бұл Қайраттың ойынын одан ары күшейтті. Екінші таймның ортасында Бауыржан Исламхан мен Жуковтың бірінен кейін бірін тепкен тура соққылары қақпа бағанасына тиіп кері қайтты. Бұндай тамаша мүмкіндік Тараздықтарда да болды. Қақпашымен тура шыққан Максим Фещуктың тамаша соққысы сəл ғана голға айнала қоймады. Ол Қайрат қақпашысына тиіп кері қайтты. Ойынның негізгі уақытына төреші төрт минут уакыт қосқанымен ол еш бере қоймады. Сонымен қорытынды есеп 0:0. "Тараз" командасы, жұлдызды ойыншылардан құралған халықтық команда "Қайратпен" болған ойыннан бір ұпай еншіледі.

Читать далее



ПОСЛЕМАТЧЕВОЕ ИНТЕРВЬЮ ФУТБОЛИСТОВ ТАРАЗА

 

Читать далее






ФОТОРЕПОРТАЖ. "ТАРАЗ" - "КАЙРАТ" 3-ТУР 2017 ГОД

  Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

  

Читать далее