13 Наурыз 2017

ПРЕСС- КОНФЕРЕНЦИЯ ТРЕНЕРА ФК "ТАРАЗ" В. ТАЛГАЕВА

 

Читать далее



Интервью Антон Молтусинова.

Бейнебаян: Степные волки (Кызылорда) сайтынан алынған сілтеме: https://m.vk.com/wolveskz 

Читать далее



"ТАРАЗ" СЫРТ АЛАҢДА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ "ҚАЙСАРДАН" ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Фото Тараза Жамбыла.Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турында Қызылорда қаласына қонаққа барған "Тараздықтар" 2:1 есебімен алаң қожайындарына жол берді. Бірақ ойынды ширақ бастаған Тараздықтар алғашқы таймның басынан ақ шабуылға көшті. Мухаметшиннің серігі Қожамбердіге де жақсы мүмкіндіктер келді. Алайда, сəттілік серік болмады. Осындай қарбаластың бірінде Тараздықтар бірінші болып есеп ашты. Яғни, ойынның 15 минутында Мухаметшин өзінің "Тараз" командасы сапындағы алғашқы голын соқты. Гол жіберіп алған Қайсарлықтар да қарымта шабуылға шықты. Нəтижесінде 35 минутта Қызылордалық Аржанов бір гол соғып есепті теңестіріп кетті. Бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталды. Екінші таймда да алаң қожайындары барын салып шабуылға көшкен. "Қайсар" командасының бірнеше соққысын "Тараз" қақпашысы Бабаханов тура қайтарып өзін жақсы қырынан көрсетті. Жамбылдықтар да өз кезегінде шабуылдардың шетін шығарғанымен ол қақпаға дари қоймады. Есесіне Қызылордалықтар ойынның 71 минутында екінші голды соғып алдыға шықты. Гол авторы Нтибазонкиза. Бұдан кейін Тараздықтар да шабуыл жасап есепті теңестіруге ұмтылған. Алайда, ойынның 80 минутында бірінші матчтағы сценарий қайта қайталанды. Яғни, бұл жолы қызыл қағаз алып алаңнан қуылған Горбанец болды. Тағы да небары 10 ойыншымен қалған Тараздықтар үшін одан ары есепті теңестіру қиын болды. Ал, бұл жағдайды керісінше Қызылордалықтар тиімді пайдаланып кетті. Яғни, олар өз алаңында жеңіске жетті. Сонымен Тараздықтар келесі ойынды Алматылық "Қайратқа" қарсы өз алаңында өткізеді. Ол наурыз айының 17 күні өтеді.

Читать далее



ФОТОРЕПОРТАЖ. "КАЙСАР" - "ТАРАЗ"

  Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

Читать далее