09 Наурыз 2017

МАХАМБЕТ АХМЕТҰЛЫ ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 Фото Тараза Жамбыла. Фото Тараза Жамбыла.

Фото Тараза Жамбыла.

Кеше "Тараз" ФК директоры Махамбет Ахметұлы Қазақстан футбол федерациясының алғыс хатымен марапатталды. Марапат қағазын "Ұлан" стадионында өткен "Тараз" - "Шахтер" ойыны алдында арнайы келген мәртебелі мейман Қазақстан кəсіпқой футбол лигасының президенті Азамат Айтхожин табыстады. Онда Махамбет Ахметұлының жасөспірімдер футболын дамытуға қосқан ерекше үлесі жөнінде айтылған. Естеріңізде болса, халықаралық "Мемориал Гранаткин" турнирінде 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы сəтті өнер көрсетіп, тарихта алғаш рет күміс медаль еншілеген еді. Сол жарыста өзін жақсы қырынан көрсеткен Жамбылдық Гаврил Кан да болды. Осындай футболшыларды дайындап, ел футболының дамуына ат салысқаныңыз үшін алғыс білдіре отырып, сізбен алдағы уакытта да бірлесіп жұмыс атқаруға дайынбыз делінген алғыс хатта. Сонымен қатар дəл осындай марапат қағазымен "Монтажник" жекеменшік футбол клубының директоры Георгий Хутиди де марапатталды.

Читать далее



Ваит ТАЛГАЕВ «БІЗДЕ ДЕ МҮМКІНДІКТЕР БОЛДЫ, ОНДАЙ МҮМКІНДІК ҚАРСЫЛАСТАР ДА БОЛДЫ»

Фото Тараза Жамбыла.Ойын жөнінде, мен біріншіден әйелдер күні мерекесімен құттықтауларға қосыламын. Және бүгін еркектер үшін де үлкен мереке. Себебі Қазақстан чемпионатының ашылуы. Біздің кәсіби мерекеміз. Ал, ойынға келсек, ол жөнінде әріптесім түгел айтты деп ойлаймын. Бізде де мүмкіндіктер болды, ондай мүмкіндік қарсыластар да болды. Әсіресе, орта қапталдан бағытталған тура соққылармен олар мәселені шешіп кетуі мүмкін еді. Қарсылас үлкен күшпен соққы жасады. Үзіліс кезінде біршама кеңес бердім. Алайда, ойыншының алаңнан қуылуы. Он ойыншымен әрине ойнау қиын. Бірақ алда тағы жиырма күн дайындаламыз, сөйтіп алдыға қарай жылжуымыз керек. Басқа бізге не қалды.

Читать далее