03 Наурыз 2017

ОБЛЫС ӘКІМІ «ТАРАЗ» КОМАНДАСЫНЫҢ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  Фото Толегена Онгарова.

Фото Толегена Онгарова.Фото Толегена Онгарова.

Фото Толегена Онгарова.Фото Толегена Онгарова.

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 2017- жылы Қазақстан премьер- лигасында өнер көрсететін «Тараз» футбол клубының ұжымымен кездесті. Жиында құрамға жаңа алынған футболшылар таныстырылып, бапкерлер құрамына нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылы Қазақстан чемпионатында сәтсіз өнер көрсеткен «Тараз» футбол командасына биылғы жылы қойылып отырған талап жоғары. Қазір құрамға Ресейден, Украина мен Франциядан тәжірибелі ойыншылар алынып отыр. Олар Махомед Диарра, Максим Фещук пен Руслан Мухаметшин. Алайда, команданың негізін жергілікті жас ойыншылар құрайды. Кездесуде сөз алған бас бапкер Ваит Талгаев алда болатын ойынға 100- пайыз дайын екендігін жеткізді. Футболшыларды жеке –жеке тұрғызып, оларға нақты тапсырма берген облыс басшысы биыл премьер- лиганың жоғары орындарынан көріну керектігін айтты. Ол үшін қазір футболшыларға да, бапкерлерге де барлық жағдай жасалып отыр. Команданың белді ойыншысы Нұртас Кургулин облыс әкіміне спорт жедесі мен доп сиға тартты. Кездесу соңында облыс әкімі сегізінші наурыз күні Тараз қаласында өтетін «Тараз» - «Шахтер» арасындағы алғашқы матчта міндетті түрде жеңіске жету керектігін айтты. Естеріңізге сала кетейік, ол ойын «Ұлан» стадионында 8- наурыз, сағат 15:00- де өтеді.

Читать далее