Тамыз 2016

30 Тамыз 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!  

"Тараз" ФК ұжымы барша Қазақстандықтарды, Жамбыл облысы тұрғындарын бүгінгі Конституция күнімен құттықтайды. Ата заңымыз қабылданған 21- жыл ішінде Қазақ елі əнұраны айқындалған, шекарасы шегеленген зайырлы мемлекетке айнала білді. Осы заңымыздың арқасында бүгінде еліміздің ертеңіне деген үлкен сенім бар. Ендеше, мереке құтты болсын ағайын!

Читать далее

ҚАЗАҚСТАН - ҚЫРҒЫЗСТАН (ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ)

 ҚАЗАҚСТАН - ҚЫРҒЫЗСТАН (ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ)

Бүгін Бішкек қаласында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Матч жергілікті уақыт бойынша кешкі 20:00 - де басталады. Азия аймағында ойнайтын көрші Қырғыздар мен Еуропа зонасында доп тебетін Қазақстан футболшылары кім мықтыны анықтау жолында барын салады. Ендеше, жауапты ойында жерлестерімізге жеңіс тілейік! Сонымен қатар жақын күндері Қазақстан құрамасы Еуропаның белді ұжымдарының бірі Польшамен де кездесетіндігін айта кету керек.

Читать далее

27 Тамыз 2016

СЕРГЕЙ ТАГИЕВ КЕШЕГІ ОЙЫННАН АЛҒАН ƏСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

   СЕРГЕЙ ТАГИЕВ КЕШЕГІ ОЙЫННАН АЛҒАН ƏСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

"Тараз" командасын Орал қаласына бастап барған Юрий Максимовтың ассистенті Сергей Тагиев "Ақжайық" командасына қарсы ойыннан кейін, журналистер алдына шығып, өз командасы жөнінде пікірін білдірді. Бірінші таймда қарымта шабуылға (контратака) шығу арқылы гол соғуға талпынған əрекетімізден ештеңе шықпады. Екінші таймда қателесіп, гол жібердік. Одан кейін есепті теңестіреміз деп жүріп, ойынның аяғына таман тағы да гол кіріп кетті. Біз қазір барлық ойынды бір ғана құраммен ойнап жүрміз. Оның да əсері бар. Бірақ менің бір байқағаным, бізде адамдар бар, бірақ футболшылар жоқ екен.

Читать далее

"АҚЖАЙЫҚ" - "ТАРАЗ" 2:0

 "АҚЖАЙЫҚ" - "ТАРАЗ" 2:0

Футболдан ел біріншілігінің кезекті турында Орал қаласына қонаққа барған Тараздықтар 2:0 есебімен жеңіліс тапты. Алғашқы таймда ойын тең дəрежеде өткенімен, екінші таймда алаң қожайындары тізгінді қолға алды. Есепті 55- ші минутта Дудченко ашты. Одан кейін біздің жігіттерге есепті теңестіруге мүмкіндік болғанымен, олардың жолы бола қоймады. Есесіне 80- минутта "Ақжайық" есепті еселеп кетті. "Тараз" қақпасына екінші голды соққан Лечич болатын. Осылай, жаңа бапкер Вахид Масудовтың бастамасымен "Ақжайықтың" асығы тағы да алшысынан түсті. Осы маусымда "Тараз" командасы əлі де "Ақжайықпен" кездеседі. Сол кезде Юрий Максимовтың шəкірттері кеткен есені қайтаруы тиіс.

Читать далее

26 Тамыз 2016

"ТАРАЗ" ФК ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

"ТАРАЗ" ФК ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

"Тараз" футбол клубының ұжымы "Астана" командасының Еуропа лигасы ойындарында келесі кезеңге өтуімен құттықтайды. Жалпы, топтық кезеңде белді команда "Батэні" жеңіп, келесі турда "Олимпиакос", "Янг Бойз", "Апоэл" секілді атақты ұжымдарға қарсылас атану қандай да бір клуб үшін үлкен жетістік. Біз сіздерді алдағы жауапты матчтарда да қолдайтынымызды жеткізгіміз келеді. Жəне əрдайым қуаныштарыңызға ортақпыз.

Читать далее

23 Тамыз 2016

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

Өткен жексенбі, еліміздегі "Спорт күні" мерекесіне орай Тараз қаласында шағын футболдан ардагерлер арасындағы турнир өтті. Ойын алдымен өңірдің спорт саласының өсіп-өркендеуіне ат салысып жүрген азаматтарды марапаттау рәсімімен басталды. Яғни, бірқатар ардагер спортшылар Тараз қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Одан ары турнирге келген 10- команда өзара бақ сынасты. Ойыншылардың жасы 40- жастан жоғары есептелді. 10- минуттан екі тайм бойынша өрбіген ойында жеңіске жеткен барлық командаларға бағалы сыйлықтар ұсынылды. Шағын футбол жеңімпаздарын марапаттауға Сейілда Байшақов ағамыздың өзі қатысты.

Читать далее

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қазақстан футбол федерациясының вице- президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, атақты жерлесіміз Сейілда Байшақовтың жүлдесі жолындағы жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы турнирге еліміздің әр өңірінен келген 11- команда қатысты. Олар 2005-2006 жылы туылған жастар. Бір аптаға созылған жарыстың негізгі мақсаты жастарға футбол саласының белгілі тұлғаларын паш ету, Жамбыл жерінде жасөспірімдер арасындағы футбол спортын дамыту болып табылады. Турнирдің қорытындысы бойынша 2005- жылы туылған балалар арасында 1- орынды Қызылорда қаласының футбол мектебі алса, 2006- жылы туылған балалар арасында 1- орынды "Тараз -1" командасы жеңіп алды. Жарыстың марапаттау рәсімінде сөз алған Сейілда Икрамұлы жас жеткіншектерге сәттілік тілеп, олардың да үлкен футболшы болатындықтарына сенім білдірді. Және өз қолымен марапаттады.

Читать далее

22 Тамыз 2016

21 Тамыз 2016

ОЙЫННАН КЕЙІНГІ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

СТОЙЧО МЛАДЕНОВ «АТЫРАУ» ФК БАС БАПКЕРІ

Менің командам жақсы ойнады. Бірақ, гол соғуға еш мүмкіндігіміз болмады. Тіпті, сәл сәттілік жетіспей қалды десек те болады. Алаң қожайындары мүмкіндікті жақсы пайдаланып кетті. Енді, кейде осындай күтпеген жағдайлар болады. Себебі бұл футбол. Басқа ешнәрсе айта алмаймын.

Сергей ТАГИЕВ «ТАРАЗ» ФК БАС БАПКЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Бізге бүгін өз алаңымызда қалай да болса жеңіске жету мақсаты қойылды. Сол себепті де ойын қиын болды.  Әр минут, әр секунде жіберген қателіктің өзі кері әсерін тигізуі мүмкін еді. Бірақ, ойыншылар аяғына дейін шыдады. «Атырау» секілді команданы ұту да оңайға соқпайтынын білгенбіз. Енді алаңсыз келесі матчқа дайындаламыз. Біз үшін бүгін алған үш ұпайымыз аса маңызды.

Читать далее