Наурыз 2016

29 Наурыз 2016

Тараз-Кайрат 2-1

Читать далее



«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

"Тараз" және "Оқжетпес" командалары алғаш рет 1968 –жылы Көкшетау қаласында кездесу өткізген. Бірақ ол кезде Жамбыл облысы атынан «Энергетик» деп аталатын, ал Көкшетаудан «Торпеда» деген футбол командалары өнер көрсетті. Алғашқы ойын 0:0 есебімен тең аяқталған екен. Бірақ қарымта ойында Жамбылдықтар өз алаңында Көкшетаулықтарды 3-1 есебімен жеңген болатын. Осы ойындардан кейін бұл командалар КСРО-чемпионаттарында 11-жыл бойы кездесу өткізген. Сол 22-рет кездесудың нәтижесінде 10-ойында Тараздықтар жеңіске жетсе, Көкшетау командасы бізді 4-рет қана жеңген екен. Қалған ойындар тең нәтижемен аяқталған. Бұл сында Жамбылдық команда 37-гол соқса, қарсыластар 14-мәрте біздің қақпаны тура дәлдеген. Ал,қазіргі Қазақстан чемпионатында қос қарсылас 32-рет кездесіп, оның 13-інде Жамбылдықтар жеңіске жетсе, 11-ойында Оқжетпестің мерейі үстем болған екен. Енді бұл командалар арасындағы келесі ойын осы жексенбі күні Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді.

Читать далее



«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «ОҚЖЕТПЕС» ФК АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «ОҚЖЕТПЕС» ФК АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНҒА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ

Футболдан Қазақстан премьер- лигасының 3-тур ойындары осы жексенбі күні өтеді. Бұл сында жерлестеріміз Көкшетаулық «Оқжетпес» командасын өз алаңында қабылдайтыны белгілі. Сол көпшілік тағатсыздана күтіп отырған матчқа қазылық жасайтын төрешілер құрамы анықталды. Яғни, онда бас төреші Алматылық Айдын Рахымбаев болады. Қапталдағы арбитрларге Ғалымжан Айжігітов (Қызылорда) пен Максим Панин (Қостанай) бекітіліп отыр. Ойынның инспекторы: Эдыген Юмашев (Астана) Ел чемпионатының үшінші тур ойынындарының сәтті өтуіне осы мамандар ат салысады. Матч Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді.

Читать далее



ОСЫ ЖЕКСЕНБІ "ТАРАЗ" ФК ЖӘНЕ "ОҚЖЕТПЕС" ФК ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНДА КЕЗДЕСЕДІ

ОСЫ ЖЕКСЕНБІ "ТАРАЗ" ФК ЖӘНЕ "ОҚЖЕТПЕС" ФК ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНДА КЕЗДЕСЕДІ

Қазіргі таңда қос команда арасындағы ойынды тағатсыздана күтіп отырған футбол жанкүйерлері көп.2014- жылы премьер-лига ойындарына қайта оралып, былтырғы ел біріншілігінде жақсы өнер көрсеткен "Оқжетпес" командасын аты аңызға айналған бапкер Владимир Мұқанов бастап келеді.Оның үстіне Көкшетаулық команда сапында биыл айтарлықтай өзгерістер бар. Командада өнер көрсететін ойыншылар ішінде Көкшетаулықтардың әсіресе Әлібек Бөлешов пен Серж Бандо-Ганбеге сенім артатындығы түсінікті. Бұл екеуі де Оқжетпестің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу ойындарында өздерін жақсы қырынан таныта білген еді. Ал, Тараздықтар сапында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек алаңға жарақат алған Абзал Таубай мен өткен ойында қызыл қағаз алған Олег Недошковскийдің шықпайтындығы белгілі. Алайда, бұл ойында Тараздықтар сапында Сенегалдық сұрмерген Малик Мане алғаш рет өнер көрсетеді деп күтілуде. Ендеше, көптен күткен үшінші тур ойындарында жерлестерімізге жеңіс тілейік ағайын.

Читать далее



28 Наурыз 2016

ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ "АРМАН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ МƏРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ "АРМАН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ МƏРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жыл сайын көктем айларында ұйымдастырылатын "Арман" футбол турнирінің биылғы финалдық турына сегіз команда шыққан болатын. Кеше сол турдың ақтық ойындары Тараз қаласында өтті. Алдымен үшінші орын үшін болған кездесуде Тараз жəне Шахтер командалары кездесіп, жерлестеріміз Қарағандылықтарға 1:0 есебімен жол берді. Ал финалға шыққан Ордабасы мен Қайрат командалары арасындағы ойында Шымкенттіктер Алматылықтарды 3:2 есебімен жеңіп "Арман" турнирінің чемпондары атанды. Естеріңізге сала кетейік, премьер-лига академиясының жасөспірімдерге арналған дайындық топтарынан құралған командалар ойынының негізгі мақсаты құрамаға іріктеу жасау, болашақта ел чемпионаттарында өнер көрсететін жас футболшыларды дайындау. Биылғы турнирге 1997-1998 жылы туылған балалар қатысты.

Читать далее



Тараз-Актобе 1:1

Читать далее



19 Наурыз 2016

«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫНАН КЕЙІН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫНАН КЕЙІН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Тең нәтижемен аяқталған «Тараз» және «Ақтөбе» футбол командалары арасындағы ойыннан кейін қос команданың бас бапкерлері журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Оған Жамбыл облыстық телеарнасы мен бірқатар басылымдардың тілшілері қатысты. Алғаш болып сөз алған «Ақтөбе» командасының бас бапкері Юрий Уткульбаев Тараздықтар ойынын басбармақпен бағалап, бізге бүгін оңай қарсылас түскен жоқ деді. Біздің команда әсіресе қорғаныста көп қателік жіберді, келесі ойында осы сәттерді ескеруіміз керек. Бірақ ойыншыларымыз айып добын алуға бізге мүмкіндік жасады. Осы сәтті тиімді пайдаланып кеттік. Соның арқасында бір ұпай иеленіп отырмыз, енді келесі ойынға дайындықты бастауымыз керек деп сөзін қорытындылады Ақтөбелік бас бапкер. Екінші болып сөз алған «Тараз» футбол клубының бас бапкері Нұрмат Мырзабаев Тараздықтар үшін бұл ойынның оңай болмағанын жеткізді. Әсіресе Олег Недошковскийдің алаңнан кетуі командаға айтарлықтай ауыртпалық түсірді. Бірақ, бұл ойын. Біз қандай жағдайлар болса да дайын болуымыз керек деді «Тараз» футбол командасының бас бапкері. 

Читать далее



«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» 1:1

«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» 1:1

 

Премьер-лига ойындарының екінші турында өз алаңында Қазақстанның 4-дүркін чемпиондары «Ақтөбе» футбол командасын қабылдаған Жамбылдық жерлестеріміз 1 : 1 – есебімен тең түсті. Тараз қаласындағы орталық стадионда өткен ойынға 6500- футбол жанкүйері қатысып, сүйікті командаларына қолдау білдірді. Ойынның бірінші таймы тартысты сәттермен басталды. Тараздықтар сапында Игорь Зенькович пен Бауыржан Байтана қонақтар қақпасына тура соққылар жасағанымен оның бірі қиыс кетіп, енді бірі «Ақтөбелік» тас қамал қорғаушылардан өтпей жатты. Қонақтар да қарап қалмады. Жиі шабуылдар ұйымдастырып, Тараз командасының айып алаңына бірнеше рет кірді. Алайда, осы сәтте «Тараз» футбол командасының ойыншысы Дмитрий Евстигнеевтің Ақтөбелік шабуылшымен допқа таласы тәртіп бұзумен аяқталып, ойынның бас қазысы Тараздықтар қақпасына айып добын белгіледі. Бұл ойынның 11-ші минуты болатын. Мүмкіндікті мүлт жібермеген «Ақтөбе» футбол командасының капитаны Самат Смақов осылай есеп ашты. Алайда, бірінші тайм аяқталуға санаулы секундтар қалған кезде, яғни 45-ші минутта «Тараз» командасының шабуылшысы Игорь Зенькович қонақтар қақпасына өзінің тамаша голын соқты. Бауыржан Байтананың әуелетіп көтерген керемет пасын баспен ұрған Зеньковичтің бұл голына көпшілік қол соқты. Екінші таймда да қызықты сәттер көп болды. Әсіресе қорғанысқа жамбастап жатып алған «Ақтөбеліктердің»  қорғаушыларын алдап өту біздің командаға оңай соққан жоқ. Бірақ реті келгенде «Тараз» командасының жартылайқорғаушысы Мақсат Әмірханов өзінің тамаша соққыларымен көзге түсті. Матчтың 69-минутында ойын барысында сәл салқынқандылық танытқаны үшін «Тараз» командасының ойыншысы Олег Недашковскийға бас қазы Александр Гаузер қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Алайда,10-ойыншымен қалған жерлестеріміз қарсыластардың үдей түскен шабуылына төтеп бере алды. Ойынның негізгі уақытына төреші 3-минут уақыт қосқанымен есеп ашылмады. Ойын 1-1 есебімен тең нәтижемен аяқталды. Енді «Тараздықтар» келесі ойынды «Оқжетпес» командасына қарсы өткізеді. Ол алдағы сәуір айының 3-күні, Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді. 

Читать далее



18 Наурыз 2016

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АҚТӨБЕ» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ӨТКІЗГЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АҚТӨБЕ» ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ӨТКІЗГЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ

Сәл әріректен бастасақ, «Тараз» футбол командасы алғаш рет 1968 жылы, яғни Кеңес Одағының тұсында «Ақтөбеліктермен» бірінші кездесуін өткізген екен. Ол ойын сол кездегі Жамбыл қаласында өткен. Біздің «Энергетик» деп аталатын командамыз алғашқы кездесуде Ақтөбе командасынан 2-0 есебімен басым түскен. Сол кездегі екі голдың авторы атақты жерлесіміз C. Байшақов болды. Ал, тәуелсіздік алғалы бері өткізіп келе жатқан Қазақстан чемпионаттарында «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 38-рет кездесіп, оның 24-де Ақтөбеліктер жеңіске жетсе, 9-ойында Тараздықтар жеңіске жеткен. 5-ойын тең нәтижемен аяқталыпты. Осы уақытқа дейінгі «Тараз» және «Ақтөбе» командаларының кездесуінде Ақтөбеліктер 65-гол ұрса, Жамбылдықтар олардың қақпасына 51-гол соққан. 

Читать далее



БҮГІН «АҚТӨБЕ» ФК ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА ОЙЫН АЛДЫНДАҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

БҮГІН «АҚТӨБЕ» ФК ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА ОЙЫН АЛДЫНДАҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Тараз қаласына келген «Ақтөбе» футбол командасының ойыншылары матчқа бір күн уақыт қалған кезде ойын алдындағы жаттығу жұмыстарын жүргізді. Биылғы маусымда «Ақтөбе» ФК – ның құрамында айтарлықтай өзгеріс орын алып отыр. Клубтың жаңа бас бапкері Юрий Уткульбаев қазір құрамаға жас ойыншыларды көп шақырған. «Ақтөбе» командасының былтырғы құрамында ойнаған ойыншылар ішінде биылғы маусымда тек 3-ақ футболшы қалып отыр. Ол қақпашы С. Павлов, жартылайқорғаушы Д. Жалмұқан мен шабуылшы А. Айымбетов. Сондай-ақ биылғы футбол маусымында «Ақтөбе» командасының сапына тәжірибелі ойыншылар Самат Смақов пен Егор Азовский шақыртылып отыр. Ертең өтетін жасыл алаңдағы доп додасында осы футболшылар «Ақтөбе» командасының намысын қорғайды.

Читать далее