def

«Тараз» футбол клубы Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Команда бірнеше жолдастық ойын өткізіп, онда жергілікті тәрбиеленушілер мен әлеуетті жаңадан келгендер ойыншылардың мүмкіндіктері қаралды.

Жолдастық матчтың мақсаты - әр ойыншының мүмкіндіктерін анықтау. Сондай-ақ, әр түрлі ойын стиліндегі командалармен жекпе-жектер өткізілді.

Өз елінің бірінші дивизионын ұсынатын тунистік «Зитуни» командасымен өткізілген матч дүбірлі голдарға бай болды. Қазақстандық команда 7:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл ойында клуб тәрбиеленушісі Абзал Таубай ерекше ойынымен екі рет көзге түсті, ал ойыншы Думан Тұрсынбай тағы бір допты өз есебіне  жазды. Қалған голдарды қараудағы ойыншылар соқты.

Швейцариялық Суперлигадан еурокубоктардың тұрақты қатысушысымен – «Вадуц» командасымен келесі ойын табанды түрде өтті. Мұнда қызықты жекпе-жекте екіжақты өткір сәттерімен тараздықтар 0:2 есебімен есе жіберіп алды.

Кейін румындық «Германштадт» командасымен қызықты ойын өтті. Қарсылас өте білікті команда, бірақ жамбылдықтар олармен дес берместен екі мәрте есеп беріп отырды. Бірінші таймда «Тараз» сапында ойнаған Бразилиялық Эливелто біздің команданы алға шығарды. Қарсыластар пенальтимен есепті теңестірді. Екінші тайм кезеңінде Әлішер Сүлей тараздықтарды алға шығарды (2:1). Қарсыластар тек матч соңында ғана есепті теңестіріп және тағы да тағайындалған пенальтидің арқасында.

Одан кейін 23 жасқа дейінгі Өзбекстанның жастар құрамасымен жолдастық ойынның бірінші таймында Гавриил Кана соққан голдың арқасында тараздықтар оңай емес матчта жеңісті қолдан бермей, есепті 1:0-ге жеткізді.

Соңғы ойын украиндық Премьер-Лиганың «Карпаты» (Львов) клубына қарсы өтті. Бірінші таймнан кейін қарсылас команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші таймда Эливелто бір гол соққанмен, көп ұзамай Сулей пенальтиді жүзеге асырмады. Өз кезегінде украиндықтар пенальтиден берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, үшінші гол соқты.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ойыншылармен келісімшартқа қол қойылды. Бұл 26 жасар бразиялық Еливелто, атақты «Фламенго» мектебінің тәрбиеленушісі, бірнеше жыл бойы еуропалық командаларда өнер көрсеткен.

Сондай-ақ, команданы шетелдік клубтарда тәжірибе жинақтаған ойыншылар толықтырды. Ол 26 жасар Немания Суботич және 28 жасар Михайло Йованович. Бұған дейін бірінші болып Нови-Сад қаласының «Войводина» түстерін жартылай қорғаушы ретінде қорғады, ал екінші болып Гроднодағы белоруссиялық «Неман» командасының қорғаушысы ретінде ойнады.

Сондай-ақ, тараздықтар үшін грузиялық футболшы Лаша Касрадзе мен қазақстандық Рахымжан Розыбакиев өнер көрсететін болады.

 


ДРУГИЕ НОВОСТИ

12/02/2019 | Көргендер саны:136 | НОВОСТИ КЛУБА

Интервью с Лашей Касрадзе

11/02/2019 | Көргендер саны:221 | НОВОСТИ КЛУБА

Премьер-лиганың күнтізбесі жарияланды: бірінші ойын «Қайратпен»

Қостанайда Премьер-Лига күнтізбесінің жеребе тарту рәсімі өтті. «Тараз» алғашқы кездесуін еліміздің вице-чемпионы алматылық «Қайратпен» өткізетін болады.

11/02/2019 | Көргендер саны:184 | НОВОСТИ КЛУБА

Оқу-жаттығу жиыны басталды.

«Тараз» ПФК Түркияның Анталия қаласында жаңа оқу-жаттығу жиынын бастады.

08/02/2019 | Көргендер саны:123 | НОВОСТИ КЛУБА

Женский футбол в Таразе

При футбольном клубе «Тараз» создана команда девочек 2006-2007 годов рождения, которая начнет подготовку к первенству страны этого года. Тренирует команду экс-игрок женской национальной сборной Казахстана Олеся Моисеенко.

Обзоры матчей

Голы ФК "Тараз"

Видео

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"