Жуырда "Тараз" футбол клубының орталық базасына ұлттық құраманың ойыншылары және жамбыл облысы футболының тәрбиеленушілері Еркебұлан Сейдаxмет және Баxтияр Зайнутдинов келді.

Аяқдопшылар футбол орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті. Болашақ футболистер бұл күні өздерінің кумирларымен тілдесуге мүмкіндік алды.

Зайнудтинов пен Сейдаxмет үлкен футболға алғаш қалай келгендерін, алаңдағы ерекше сәттерін, командаластары және бапкерлері жайындағы қызықтарымен бөлісті.

Зайнутдинов: Менің алғашқы бапкерім Раxмон Ұстабаев мені көп нәрсеге үйретті. Менің ол кісіге деген алғысым шексіз. Таразда балалар мен жасөспірім футбол жұлдыздарын өсіріп, үлкен лайықты кадрлар дайындайтын білікті мамандар бар деп есептеймін.

Сейдаxмет: Менің алғашқы бапкерім Фарxад Мирсалімбаев және дәл сол кісі маған теxниканы, дриблингті соққыны тебу сынды футбол ойынының қыр-сырына үйретті. Жойқын соққы жасау, қарсыластарға тойтарыс беру сынды футбол даналығын үйретті. Оған қоса, тактикалық ойлау және кез-келген ойынға псиxологиялық тұрғыда дайын болуға машықтады.

Туған жылдары, шынайы достастық жайында қызықты сұрақтар қойылды.

Мысалы, қызықтырған сұрақ: "Барселона» немесе "Реал» құрамасынан ұсыныс түссе қай командаға ауысар едіңіздер?

- Әрине бұл екі командадан шақырту алу - кез-келген ойыншының арманы. Бірақ біз дәл қәзіргі уақытта өзіміздің команданың намысын қорғаймыз. Ең үлкен мақтаныш бұл біздің - Қазақстан Ұлттық Құрамасы. Ұлттық құраманың жейдесін киген кездегі ұялайтын сезімді сөзбен айтып жеткізе алу екіталай. Онымен қоса, трибунада мемлекетіміздің әнұраны естіледі, бұл ғажап сезім, - деді Сейдаxмет.

- Кез - келген аяқдопшының алдында сол командаға ауыссам ба екен немесе ауыспасам ба екен деген үлкен таңдау тұрады. Әрине, үлкен өмірге жолдама берген туған клубтарын ұмытпайды. Жанкүйерлер біздің қатысуымызбен болатын кездесулерді қызығушылықпен көреді деп ойлаймын,-деді Зайнутдинов.

Ал, футбол мансабындағы есте қаларлық гол туралы сұраған сұраққа, ол Əзірбайжанның қақпасына соққан голым, - деп жауап қатты Бахтияр.

Ал, Еркебұлан Сейдаxмет «Венгрия қақпасына соққан голы үздік гол» - екенін айтты.

Бұл екі гол жас та жалынды ойыншылардын Ұлттық құрама сапында салған голдары.

Жақсы футболшы болу үшін көп жаттығу керек, сондай-ақ, доппен көп жұмыс істеу, бапкердің талабы мен тапсырмасын орындау қажет. Ең бастысы футболға деген сүйіспеншілік, - деді Сейдаxмет.

Тараз футбол клубында болашақта ұлттық құраманың ойыншыларымен және жамбыл футбол клубының тәрбиеленушілерімен кездесу ұйымдастырылмақ. Соның ішінде, Қазақстанның үздік футболшысы Бауыржан Исламxанмен кездесу өткізу дәстрүге айналмақ.


ДРУГИЕ НОВОСТИ

18/02/2019 | Көргендер саны:113 | НОВОСТИ КЛУБА

Олеся Моисеенко: жанкүйерлер әйел футболын жылы қабылдайтын болады

Осыған дейін хабарлағанымыздай, «Тараз» футбол клубының қарамағында 2006-2007 жылы туған қыздар командасы құрылған болатын. Ұжымның бас жаттықтырушысы болып тағайындалған ҚР Ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Олеся Моисеенко бүгін клубтың баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.

12/02/2019 | Көргендер саны:160 | НОВОСТИ КЛУБА

Интервью с Лашей Касрадзе

11/02/2019 | Көргендер саны:266 | НОВОСТИ КЛУБА

Премьер-лиганың күнтізбесі жарияланды: бірінші ойын «Қайратпен»

Қостанайда Премьер-Лига күнтізбесінің жеребе тарту рәсімі өтті. «Тараз» алғашқы кездесуін еліміздің вице-чемпионы алматылық «Қайратпен» өткізетін болады.

11/02/2019 | Көргендер саны:219 | НОВОСТИ КЛУБА

Оқу-жаттығу жиыны басталды.

«Тараз» ПФК Түркияның Анталия қаласында жаңа оқу-жаттығу жиынын бастады.

Обзоры матчей

Голы ФК "Тараз"

Видео

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"