«Тараз» Футбол клубы бұл күндері Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

 

Түркияда футбол командаларының жаттығуларына барлық жағдайдың жасалғаны белгілі. Маусым аралықтарында мұнда ондаған команда жаттығатындықтан спарринг-әріптес табу ешқандай қиындық туғызбайды. Соның арқасында тараздықтар төрт жолдастық кездесу өткізуді жоспарлаған еді. Олардың біріншісі Әзірбайжанның жоғары дивизиондағы «Зира» командасымен 15 қаңтарда өтуі тиіс болатын. Дегенмен, бұл матч ауа райының күрт нашарлауына – курорттық қалада нөсер жауын жаууына байланысты өтпей қалды.

Алайда тараздық клуб тәжірибесіз қалған жоқ. Келесі күні бірінші лигадағы тунистік «Зитуни» клубымен басқа кездесу өтті. Жамбылдықтар үшін бұл кездесудің таңқаларлықтай жеңіл болғанын айту керек. Африкалықтар алғашқы жарты сағатта ғана табанды қарсылық көрсетті. Осыдан кейін тараздықтар Абзал Таубайдың арқасында есеп ашты. Қарсыластар өз тылдарын ашық қалдырып, алға ұмтылған. Біздің футболшылар оны тиімді пайдалана алды. Жиі-жиі қарсы шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде Таубай дубль жасаса, Думан Тұрсынбай есепті ұлғайтты. Екінші таймда да ойын осындай ырғақта өтті. Сөйтіп, жерлестеріміз 7:0 есебімен жеңіске жетті.

-             Жеке-дара бір ойыншыны бөліп айтқым келмейді, - дейді команда жаттықтырушысы Вахид Масудов. – Команда барын салып ойнады. Дегенмен, бұл - жолдастық кездесу, біз өз тәрбиеленушілеріміз бен командаға қосылуы мүмкін жаңа ойыншыларды байқап көрдік. Қандайда бір қорытынды жасауға әлі ерте.

Тараздықтар жаттығу жиынында тағы үш жолдастық кездесу өткізеді.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

28/11/2019 | Көргендер саны:112 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Серж Ньюадзи: «Таразда» бақытты болдым

Жуырда Тараз ФК франциялық легионері Серж Ньюадзиге  «СЭР. Спорттық-экономикалық ревю» журналынан 2019 жылғы Премьер-Лиганың үздік шетелдік ойыншыларының бірі ретінде жүлде табысталды.

31/10/2019 | Көргендер саны:148 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тараз» - күміс иесі

Бұл күндері Қазақстанның бірнеше қаласында футбол орталықтары мен академиялар арасында футболдан ел Кубогы ойындары өтуде. Жағымды жаңалықтар да бар, 2006 жылғы туған "Тараз" футбол орталығы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"