"Тараз" ойыншысы карантин мен команданың мақсаты туралы
Аюб Бацуев — ресейлік ойыншы, ол жаңа заңға сәйкес Қазақстанда легионер болып табылмайды. Аюб клубтың баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап беруге келісті.
-Аюб, сіз футболды ерекше сағынған шығарсыз?
-Әрине, қатты сағындым. Алғашқы екі турды шағын жарақатқа байланысты жіберіп едім, одан кейін, коронавирус пандемиясына байланысты чемпионат тоқтады. Бірақ, қабылданған шешімді де түсінуге болады — оның барлығы адамдардың денсаулығы үшін. Сол себепті, кішкене шыдай тұрайық.
-Өзің үшін қандай мақсат қоясың?
-Менде тек бір мақсат: алаңға шықсаң, командамен бірге жеңіске жету!
-Жақындарыңызбен қалай байланыс орнатасыз?
-Күнделікті сөйлесіп тұрамыз. Ресейде де жағдай қиын, дегенмен, жақын арада барлығы аяқталады деп сенеміз.
"Тараз" КФК баспасөз қызметі