"Тараз" бас бапкері клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында "Ордабасыға" қарсы матч туралы өз ойын білдірді:

 

-Біз жоғары деңгейлі командамен ойнадық. Олар былтырғы қола жүлдегерлер, биыл да жүлдеге таласпақ. Бір жағынан, бұл бізге сынақ болды. Алғашқы турда "Қайратқа" қарсы сырт алаңда лайықты өнер көрсеттік. Енді, өз алаңымыздағы алғашқы матч, өкінішке орай, жанкүйерлерсіз өтті. Алғашқы пенальтиге дейін ойынды өз қолымызда ұстадық деп айта аламын. Одан кейін, қарсылас жойқын шабуылға көшіп, он адаммен қалуымызға тура келді. Мінез танытып, жеңісті ұстап қалдық. Жалпы, біз ризамыз, дегенмен, алға ұмтылып, қатемен жұмыс жасаймыз.

-Үшінші пенальти белгіленуі мүмкін деген ой келмеді ме?

-Екінші пенальтиден кейін тактикалық тұрғыдан қайта қалыпқа келіп, қорғаныста сақ ойнадық. Тең нәтижк болуы да мүмкін еді, дей тұрғанмен, сәттілік бізге жолдас болды.

-Бүгін бастапқы құрамда жергілікті бес түлек шықты.

-Жергілікті ойыншылар маңызды ойындарда біреуді алмастырып қана емес, лайық болып орын алғанына мен қуаныштымын. Шынымен, бес тараздық алғашқы минуттан шықты, алтыншысы алмасып кірді. Барлығы да жақсы жұмыс жасады. Дегенмен, ойын сараптап, дамитын тұстар жетерлік. Жергілікті жігіттер алдағы уақытта да командада маңызды рөл атқаратынына сенемін

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:15 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"