«Тараз» командасының бас бапкері «Астанамен» өткен ойын туралы пікір білдірді.

 

-Ел чемпионымен өткен бұл матч оңай болған жоқ. Біздің жігіттер өткен турдағы жеңілістен сабақ шығара білді. «Астананың» чемпион деген атағы бұл кездесуде сақ ойнауға әкелді. Бірақ өкінішке қарай, ойынның үшінші минутында гол жіберіп алдық. Командаға рахмет, физикалық, тактикалық тұрғыда жақсы қырынан көрініп, мінез танытты. Гол соғатын мүмкіндіктер жасап, есепті теңестіріп қана емес, ұтып кететін сәттер де көп болды. Қорғаныста қиынырақ болғаны рас, бірақ қарымта шабуылдарға иек артып, қарсыластың еркін ойнауына жол берілмеді.

-Команда құрамынан кімді бөле жарып атап өтер едіңіз?

-Ешкімді бөліп атағым келмейді. Бірақ ойыншылардың тактикалық тұрғыда тиісті тапсырмаларды орындап, ойын шеберлігін шыңдап келе жатқан футболшылар жалпы ойынның дамуына және маусымдағы тиісті межеге жетуге үлкен үміт береді.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/10/2020 | Көргендер саны:40 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

22/10/2020 | Көргендер саны:38 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

28/09/2020 | Көргендер саны:118 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

20/09/2020 | Көргендер саны:93 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"