"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

 

-Ашығын айтқанда, бірінші тайм біз үшін өте сәтсіз өтті. Қарсылас командаға ойынды өз қолына алуға мүмкіндік беріп, қауіпті сәттер ұйымдастыруына жол ашып қойдық. Екінші таймда өз өзімізге келіп, ұрымтал тұстың бірінде гол соқтық.

Одан соң қорғаныста сенімді ойнап жаттық. Бірақ қосымша уақытта сыр беріп қойдық. Ең өкініштісі - қолда тұрған жеңісті қосымша уақытта уыстан шығарып алғанымыз. Бұл матчтан сабақ алып, келесі кездесулерге тыңғылықты дайындалу қажет.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

12/09/2020 | Көргендер саны:53 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАТЧ СОҢЫ ОЙДАҒЫДАЙ АЯҚТАЛМАДЫ

«Тараздың» бас бапкері Владимир Никитенко «Шахтермен» өткен ойын туралы пікірімен бөлісті.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"