"Тараз" КФК бас бапкері Вахид Масудов "Астанамен" өткен ойынға  қатысты ойымен бөлісті, есеп - 2:0.

 

- Біз "Астана"  барлық желілерде теңдестірілген команда екенін түсіндік және онымен шабуылшы ойында жарысу қиын. Қарсы шабуылға сенуге мүмкін еді. Сондықтан да қорғаныста біраз жабылып, сәттерді тауып, оларды жүзеге асыруға тырысты. Оның үстіне, біздің нәтиже жасай алатын жақсы шабуылымыз бар. Менің ойымша, біз бәрін дұрыс жасадық. Оған қоса біздің ойыншылардың ұтысты ойынға деен үлкен ықыласы бар. Мен өте қуаныштымын, балалар мен жанкүйерлерді осы жеңісімен құттықтаймын.

Өкінішке орай, әзірге бірнеше ойыншы қалпына келмегендіктен, бізге қосалқы орындықтар жетіспейді. Дегенмен, команда жақсы ойын көрсетті. Бұл ретте, лайықты және жанкешті ойын көрсеткен екі команданы да атап өтуге болады. Қарсыластар командасынан Ненада Эричті атап өтуге болады, ол бірнеше сейво жасап, бүгінгі ойынды сәндетті.

- Бүгін ойнаған жас балаларды қалай бағалай аласыз?

- Олардың барлығы жақсы деңгейде ойнады. Олар өткен кубокта да жақсы ойнады. Осы матчта олар үшін қуаныштымын. Мұхамеджан да, Қараман да, Кан да лайықты ойын көрсетті. Менің ойымша, бұлар Тараз және Қазақстан футболының болашағы. Олармен бапкерлер штабы  жұмыс істеуде  және олар ойынға прогрессивті болады.

"Тараз" КФК баспасөз-қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"