"Тараз" КФК бас бапкері Вахид Масудов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында өз командасының "Атырау" командасына қарсы ойындағы (2:0) жеңіске қатысты пікір білдірді.

 

-              Сөзсіз, ойын оңай болмады және де жаңбырдан кейінгі алаңда ойын ауыр болды. Бұл ойында біз жеткілікті сәттерді құрдық, бірақ біраз асығыстық танытқандықтан болар өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Үзілісте ойыншылардан салқынқанды ойнауды және сәттерге ұқыптылықпен қарауды сұралды. Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз және барша жанкүйерлерді осы нәтижемен құттықтаймын.

Ойын барысында сіз ауыстырған футболистерді жанкүйерлер қол шапалақпен шығарып салып жатты.  Олардың ойындарына осындай баға беруімен сіз келісесіз бе?

Жанкүйерлер біздің ойыншыларға жылы қабақ танытып, керемет ұолдау білдірді. Менің ойымша, бұл қазіргі сәтте ойыншылар үшін өте маңызды және бұл болашақта команданы  ынталандыруға сеп болады. Осы ойынға қолдау көрсеткен және бізге үлкен сенім артқан  жанкүйерлерге рахмет!

"Тараз" КФК баспасөз қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"