УЕФА өкілі Питер Линстрем және Қазақстан футбол федерациясының сертификаттау және аттестаттау департаментінің басшысы Ержан Мұсабеков Тараздың орталық стадионын Еуропалық футбол одағының стандарттарына сәйкестігін тексерді. Бұл жағдайда Таразда жастар, жасөспірімдер және әйелдер құрамаларының қатысуымен халықаралық ойындарды, сондай-ақ Еуропалық Кубоктардың біліктілік раундтарын өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

 

"Тараз" КФК басшылары қонақтарды барлық инфрақұрылыммен таныстырды. УЕФА делегаты жалпы команданың инфрақұрылымын мақұлдады, бірақ дегенмен де бірқатар ескертулер жасады, оларды жою - халықаралық матчтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Стадион бойынша соңғы шешімді УЕФА-ның арнайы комиссиясы қабылдайды.

 

 

 «Тараз» КФК баспасөз-қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"